Алматыға ауысқан вице-министрден коронавирус анықталды

Malim Админ

  • 22.04.2020

Кеше ғана қызмет ауыстырған денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан НАДЫРОВТАН коронавирус анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Facebook парақшасында жазды.

21 наурыздан бастап ресми түрлде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған Надыров қазір ауруханада жатыр.

"Кеше үкімет қаулысымен Камалжан Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына Надыровты тағайындау жоспарланған еді",- деп жазды министр.

Бірақ, Надыров жаңа жұмысына кірісіп үлгермеді. Түнде ғана оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталыпты.

"Кеше кешке Надыровқа коронавирус инфекциясын жұқтырды деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты. Әріптесім Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуіне тілектеспін және қолдау білдіремін!", - де»ді Біртанов.

Осыған орай, отставкаға арыз берген Әбілдаевтың өтініші тоқтатылып, жұмысын істей тұрады. Бұл Алматы қаласы әкімінің келісімен шешілген жағдай екен.

Айта кету керек, Надыров өткен аптада ғана Алматы қаласы маңындағы Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарын аралап, коронавирусқа қатысты жағдаймен танысып қайтқан.

Алматы қазір медицина қызметкерлері ең көп ауру жұқтырған қала болып тұр. Соңғы мәлімет бойынша Алматыда 680 адамның инфекция жұқтырған, оның жартысына жуыға дәрігерлер.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды