ШҚО, Жамбыл, Қызылорда... әкімдер отставкаға кетуі мүмкін

Malim Админ

  • 22.04.2020

Қарамағындағы қызметкерлері парақорлық бойынша ұсталып, айыбы анықталса, оның бірінші басшысы қызметінен өз еркімен кету керек.

"Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жаңа редакциясына сүйенсек, қазірдің өзінде 11 бірінші басшы отставкаға кетуі мүмкін екен. Бұл туралы онлайн брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлімдеді.

"Бірінші басшылардың отставкаға кету институттарын дамыту және олардың қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін арттыру туралы айтқым келеді. Өндірістегі қылмыстық істерді есепке ала отырып, жақын арада, әрине, соттың айыптау үкімі болған жағдайда 11 мемлекеттік саяси басшы отставкаға кетеді", - деді Жақсымбетов.

Бірақ, олардың нақты кімдер болуы мүмкін екенін айтпады. Дегенмен:

«Жалпы, қалмыстық жауапкершілікке 417 шенеунік тартылған, оның 11-і республикалық, 37-сі облыстық, 35-і қалалық және аудандық деңгейдегі жетекшілер», екенін қосты департамент басшысы.

Айта кету керек, саяси мемлекеттік қызметкерлер (министрлер мен вице-министрлер, облыстар мен үш ірі мегаполистің әкімдері және олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері) егер олардың тікелей қол астында істейтін бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаса, өз еркімен отставкаға кетуі тиіс екені бұған дейін де айтылған.

Бірінші басшы қарамағындағы қызметкердің қылмысы сотта дәлелдегенгеннен кейін 10 күн ішінде қызметінен кетуге міндетті.

Жақсымбетов, сондай-ақ, жемқорлық бойынша қай ведомствоның алда тұрғанын атап өтті.

"Орталық республикалық органдардағы жемқорлыққа келер болсақ, жемқорлықпен ұсталған адамдардың басым бөлігі, 57 пайызы - Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Бұл органның 70 қызметкері жемқорлықпен ұсталды. Сондай-ақ, "көшбасшылардың" арасында Экология министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бар", - деді агенттік қызметкері.

Ал жергілікті атқарушы органдарға келсек, жемқорлықпен ұсталғандардың басым бөлігі – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Қостанай облыстарының әкімдігінде қызмет істейді екен.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

14.07.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

09.04.2022

Дәулетжан МАХМҰТ. Сырға

16.06.2021

Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

03.04.2021
MalimBlocks
Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

Қазақстанда 2022 жылы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 725 адам сотталған.

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

Олар Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді.

Дәулетжан МАХМҰТ. Сырға

Кинозалдың есігін ептеп ашып ішке кірдім, сабақ басталып кетіпті.

Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)