Пойыздан түсе салып карантинге жатты

Malim Админ

  • 22.04.2020

Атырауда мұнай компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін 432 жұмысшы Ақтөбеге пойызбен оралған бойда карантинге жатқызылды.

Бүгін Ақтөбеге вахталық әдіспен жұмыс істейтін бес жүзге жуық жұмысшы пойызбен жеткізілді. Құлсарыдан кеше шыққан пойыз еш жерге тоқтамастан Ақтөбеге таңғы сағат алтыда келіп жетті. Алайда бір жарым ай бойы үйіне жете алмаған жұмысшыларды туғандары емес,  полицейлер мен  инфекционист дәрігерлер күтіп алды. Олар пойыздан түскендерді  бірден арнайы дайындаған карантин стационарына апарып жауып тастады.

Осылайша  Атырауда вахталық әдіспен жұмыстарын бітірген ақтөбеліктерді он бес вагонға сыйғызып әкелді.  Инфекционист дәрігерлер пойыздан түскендердің бірден вагон есігінің алдында тұрып, дене қызуын өлшеп, ешкімге жолықтырмай,  алдын ала дайындап қойған автобустарға тиеп әкетті.  Бұл жолғы келгендер Атыраудағы "Теңізшевройл" компаниясында жұмыс істейтіндердің төрттен бірі ғана.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар барлығы 1800 ақтөбелікті мамырдың 1-іне дейін облысқа кезек-кезек  жеткіземіз деп отыр.

"Теңізшевройл" компаниясында біздің облысымыздың біршама  тұрғыны жұмыс істейді. Бүгін бірінші партиясы келді. Ақтөбе облысының 432 тұрғыны. Оның барлығын біз қабылдадық. Арнайы карантин стационарларына салынды. Қажетті лабораториялық тексеруге материалдар алынды. Оның барлығы қазір зерттеу үстінде", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Бүгін Атыраудан келген жұмысшылардың барлығы карантинге жабылды.  Осылайша жан-жақтан жеткізілген ақтөбеліктер  қалада арнайы дайындалған   5 карантиндік стационарларға орналастырылатын болады.  Келушілердің барлығы короновирус инфекциясына  тексерістен өтеді.  Егер  тест теріс  нәтиже берсе, онда карантинге алынғандар  екінші күні  үйлеріне жіберілетін болады дейді дәрігерлер. Және әрі қарай олар тұрғылықты жерлері бойынша   медицина қызметкерлерінің  бақылауына алынады.

Бұдан өзге ақтөбелік дәрігерлер Мәскеу қаласында оқып жатқан 222 студенттің қалаға  келуін күтіп отыр. Сөздерінше олар да үйлеріне жіберілмей,  тест сынамасының нәтижесі белгілі болғанша карантинге жатқызылады.

Қазіргі таңда студенттер шекарадан өтті. Түс қайта қабылдаймыз. Олардың барлығы да сол шекара деңгейінде қажетті анализдер алынды. Олардың бәрі біздің дайындаған карантиндік стационарларға жатқызылатын болады  деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Ал осыдан тура  бес күн бұрын Теңіздегі ССЕР компаниясының   500-ге жуық жұмысшысы қалашықта вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар оқшауланбай, жұмыстарына шығудан бас тартып, шу шығарған болатын.

Қазіргі мәлімет бойынша Атырау облысындағы теңіз қалашығында коронавирус жұқтырған 19 жағдай тіркелді.  Жалпы мамыр айының бесіне дейін теңіз қалашығынан 17 000 жұмысшы шығарылады деген ресми ақпарат бар.

Жанар ҚОЖАНОВА, 

Ақтөбе.

Материалды көшіріп басуға болмайды

Байланысты жаналықтар

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

18.04.2024

Атырау халқы жаппай көшіп жатыр ма?

11.04.2024

Су тасқыны: Атыраулықтар Жайық жағасын биіктетіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

11.04.2024

Ақтөбеде «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері су тасқынынан зардап шеккен отбасыға құрылыс материалдарын сатып алуға көмектесті

11.04.2024

Су тасқыны: Қоғам белсендісі азаматтарды көмек беруге шақырды

10.04.2024

Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

09.04.2024
MalimBlocks
Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау халқы жаппай көшіп жатыр ма?

Көшіп кетіп жатқан адамдардың көптігі сонша, кассаларда билет қалмаған деген жазбалар жүр.

Су тасқыны: Атыраулықтар Жайық жағасын биіктетіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Өзеннің су деңгейі кез келген сәтте көтеріліп кетуі мүмкін.

Ақтөбеде «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері су тасқынынан зардап шеккен отбасыға құрылыс материалдарын сатып алуға көмектесті

Бұған дейін қордың Ақтөбе өкілдігі қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына бір күндік жалақы жолдаған болатын. 

Су тасқыны: Қоғам белсендісі азаматтарды көмек беруге шақырды

Енді қарғын су Атырауға қауіп төндіріп тұр.

Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

Онлайн оқыту форматы биыл 8-12 сәуір аралығында жүргізіледі.