Коронавирусты қайталап жұқтыру мүмкін бе?

Malim Админ

  • 29.04.2020

COVID-19 вирусын қайталап жұқтыру мүмкін бе? Коронавирусты біреу оңай еңсерсе, енді біреулерге ауыр тиетіні несі? Әр қыс сайын қайталанып отырады, күзде қайта келеді деген рас па? Бұл тез мутацияға ұшырап отыратын вирус, сол себепті, вакцина көмектеспейді деген сөз қайдан шықты?

Иммундық жүйе және коронавирус

Коронавирустың емі табылмағанмен, оны иммунитеті мықты адамдардың жеңіп шығатыны белгілі. Сонда, коронавируспен күресте ең басты рөл ойнайтын – иммундық жүйе ме?

Иммундық жүйе екі түрлі болады.

Біріншісі – туа біткен иммунитет. Ол ағзаға түскен жат элемент анықтала салып, бірден күресе бастайды. Дене қызуы көтерілу, ісіну, т.б. өзгерістер осы процесстің әсерінен.

Бірақ, коронавирусқа қарсы күресетін – басқа, жүре келе пайда болатын иммунитет. Оның екі механизмі бар. Біріншісі – вирусқа жабысып, оның ағзаға таралмауын қадағалайтын антидене қалыптастырады. Екіншісі – ауру жұққан жасушаларды анықтап, жою үшін күресетін Т-лимфоциттер.

Коронавирус жағдайында бұл иммунитеттің толық күшіне енуі үшін – 10 күн уақыт керек дейді ғалымдар. Ағза антиденені қалыптастырып алған соң, ең ауыр деген науқастың өзінде ең күшті иммунитет пайда болады.

Жаңа пайда болған иммунитеттің инфекциямен күресі қаншалықты қиын болса (нәтижесінде жеңіп шықса), адамның болашақта бұл аурумен ауырмауға соншалық мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта коронавирусты аса қиналмай, тіпті, мүлде сезінбей жеңіп шыққандардың ағзасында келешекте осы ауруға қарсы мықты иммунитет қалыптасты ма, жоқ па, белгісіз.

Бұл иммунитет қаншалықты ұзақ сақталады?

Ғалымдар ауру қаншалықты ауыр өтсе, оған қарсы иммунитет те берік қалыптасады деп есептейді.

Біздің иммундық жүйеміз кәдімгі есте сақтау қабілетіміз сияқты: кейбір инфекцияны есінде мықты сақтайды, кейбірін ұмытып қалуы мүмкін. Мәселен, қызылша иммундық жүйенің жадында өмір бойы сақталады. Бір рет ауырған соң, одан кейін ауырмайтынымыз содан. Ал, қайталанып отыратын вирустар, керісінше, иммундық жүйеде сақтала бермейді.

Sars-CoV-2 коронавирусы жақында пайда болғандықтан, оның иммундық жүйеде қаншалықты ұзақ сақталатыны әзірге белгісіз. Ал, жалпы 30 шақты түрі бар коронавирустың кейбірі иммундық жүйенің жадында сақталмайды, сол себепті, әдеттегі тұмау сияқты қайта жұғуы мүмкін. Ал, кейбір ауырлау түрлеріне қарсы қалыптасқан антидене ұзақ жылдар бойы ағзада сақталып тұрады.

«Мәселе сіздің ағзаңызда иммунитет қалыптаса ма, жоқ па дегенде емес, мәселе оның қаншалықты ұзақ сақталатындығында», - дейді Шығыс Англия Университетінің медицина профессоры Пол Хантер. – Негізінен, өмір бойы сақталмайды деуге болады. SARS вирусын зерттеу нәтижелері бойынша оған қарсы иммунитет 1-2 жылға сақталады деуге болады, бірақ, әлі нақты білмейміз».

Қалай дегенде де, сіздің иммунитетіңіз ауруды толықтай есте сақтамағанмен, екінші мәрте ауыру – соншалық ауыр болмауы мүмкін.

Қайтара жұқтырған жағдайлар болды ма?

Жан-жақты алып қарасақ, қысқа уақыт аралығында бірнеше короновирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат бар. Біреулер олардың коронавируспен расында екі рет ауырғандарын айтса, енді біреулер бұл жағдайды басқаша түсіндіреді. Оның мәнісі – ауру бір-ақ рет жұққан, бірақ, вирус ағзада жасырын түрде қалып қалады да, кейін қайтара қозғалады.

Жазылып шыққан адамдарға вирус әлі қайта егілген жоқ, ал, макака маймылынының екеуіне қайтара егіп көріпті. Алғашқысы, оның денесінде вирусқа қарсы иммунитет ояту үшін, екіншісі үш апта өткен соң сынап көру үшін. Бұл тәжірибе өте шектеулі болғанымен (маймыл екеу ғана, уақыт аралығы да қысқа), екі маймылдан да ауру белгілері анықталмаған.

Антидене бар болса мен ауырмаймын ба?

ДДСҰ бұған да кепілдік бере алмайды. Ұйым кейбір елдер антидене анықталған адамдардың есебінен, карантинді ертерек тоқтатып тастап, жағдайды ушықтырып ала ма деп те алаңдап отыр. Әрине, ауруханаларда, қарттар үйінде істейтін қызметкерлерде антидене пайда болып, олардың қызметіне қорықпай бара бергені, дәл қазіргі жағдайда өте пайдалы болар еді.

Бірақ, кез келген адамның қанында антидене болатынына қарамастан, оның бәрі бір келкі емес. Бұл жерде коронавирустың таралуына жол бермейтін, залалсыздандырғыш антидене керек. Қытайдағы жазылып шыққан 175 адам тексеріліп, 30%-да антидененің залалсыздандырғыш қасиеті төмен екені анықталды.

Мұның тағы бір қауіпті жағы – сіз антиденеңіздің қорғауында болғаныңызбен, өзгелерге тасушы рөлін атқаруыңыз мүмкін.

Неге иммунитет маңызды рөлге ие?

Бұл сұрақтың жауабы – сіздің қайтара ауыруыңыз мүмкін бе, жоқ па деген сұрақпен тікелей байланысты.

Бұл аурудың өлім көрсеткіші де иммунитетке тәуелді. Адамдарда аздаған иммундық қорғаныш қалыптасса да ауру соншалық қауіпті болмас еді. Сол себепті, коронавирусқа қарсы иммундық жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты анықтап алсақ – карантиндік шараларды тоқтатуға бола ма, болмай ма деген сұрақтың да жауабы белгілі болмақ. Өйткені, бұл жағдайда ауруды көтере алмайтындар мен оны таратушыларды анықтау оңай болар еді.

Иммунитет ұзақ уақытқа сақталмайтын болса, онда, оған қарсы вакцина жасап шыңару да оңай болмайды. Мүмкін, вакцина өмір бойына арналып бір рет емес, жыл сайын салыну керек болар... Тұмауға қарсы вакцина секілді.

Вакцинаның көмегімен бе, өздігінен жұқтырған жағдайда пайда бола ма, маңыздысы ол емес, маңыздысы вирусқа қарсы пайда болған иммунитет қанша уақыт бойы аурумен күресе алады? Соны білсекші!

Әттең, мұның бәрі әзірге жауапсыз сұрақтар ғана. Демек, вирус әр қыс сайын қайталанып отыра ма, күзде қайта келе ме (жазда кететінін кім дәлелдепті?) деген сұрақтарға тек бірді-екілі жағдайларға сүйеніп, болжам арқылы ғана жауап беруге болады...

Дереккөз: BBC News

Байланысты жаналықтар

СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

05.03.2024

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

09.04.2022
MalimBlocks
СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

Арасында қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы екпелер болған.

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

Олар Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді.