Қытайша білетіндер сенат спикері болады...

Malim Админ

  • 03.05.2020

Дүйсенбіде 100 мыңға жуық тұрғын қырық күндік қамаудан босап, жұмыстарына қарай асыққан сәтте елдегі саяси өмірге сәл қызыға қарайтындар Ақорда мен Парламент сайттарын қайта-қайта ашып қарап мазасыз күйге түспек. Өйткені ертеңгі күн сол жағалаудағы саясаттың алдағы жолын айқындамақ. Сондай-ақ бір өзі мемлекет басшысындай мәлімдеме жасауды әдетіне айналдырған Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ спикер лауазымынан не үшін кеткені түсінікті болмақ.
Әлбетте, біздің елде ашық саясат жоқ. Саяси тұлғалар көпшілікке ұсынған бағдарламасы немесе ұстанымдарына орай қызметке келмейді, сайланбайды. Аз ғана топтың өзара сыбыр-гүбірінен қолдау тапқандар ғана тағайындалып жатады. Ертең де осылай болары анық. Мұндай жағдайда болжам жасау таза ақымақтық екенін біле тұра, біз болашақ спикердің кім боларына аздап ой жүгіртіп көрдік.
1. Ахметжан ЕСІМОВ.

Ахметжан Смағұлұлы экс-президентке етене жақын бауыр екені, 30 жыл ішінде лауазымды қызметсіз қалмағаны, үкімет құрамында ұзақ жүргені белгілі. Ол қазір «Самұрық-Қазына» ұлттық қорын басқарып отыр. Шындап қарасақ, бұл қордың әлеуеті үкіметтің әлеуетін ұрып алады. Яғни, Қазақстан экономикасының алдағы уақытта аман қалу-қалмауы осы қордың қызметіне тікелей байланысты. Тығырыққа тіреп тұрған орасан зор қиындықтан жетпіс жастағы Ахметжан ЕСІМОВ алып шыға ала ма? Қауіпсіздік кеңесінің жақында ғана жарық көрген үндеуіндегі «бізге жаңаша ойлайтын менеджерлер керек» дегеніне қарағанда, Ахметжан ЕСІМОВКЕ ел аузында қарттар үйі аталып кеткен парламенттен сенаторлық, тіпті, спикерлік лауазым бұйырып қалуы мүмкін. Спикер ретінде Ахметжан СМАҒҰЛҰЛЫ қос биліктің бірігіп тұруына кепіл бола алады. Сосын, ең бастысы, кеп қалған жасына қарап, президенттікке таласа қоймайды. Яғни, Есімовтің електен өтіп, спикер болу ықтималдығы жоғары. Таңдау оған түссе, ертең ол Орталық сайлау комиссиясын біраз әуреге салады. Алдымен түске дейін сенатор болып тағайындалып, түстен кейін спикерлікке сайлануы бек мүмкін.

2. Бауыржан БАЙБЕК.

[caption id="attachment_3248" align="alignleft" width="750"] Фото NewTimes.kz сайтынан алынды[/caption]

Бауыржан ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫНЫҢ биографикасы мен географикасы тұңғыш президентке өте жақын. Оның үстіне қылшылдап тұрған жас. Бірақ, «Нұр-Отанды» алдағы уақытта өте күрделі мәслихат және мәжіліс сайлауы күтіп тұрғанын ескерсек, билік өткелде ат ауыстыра алмайды. Себебі, қазіргі экономикадағы, әлеуметтегі, елдегі жағдай өте мазасыз. Оның үстіне Бауыржан БАЙБЕК сенат спикерінің емес, премьер-министрдің тағына жылжып бара жатқандай. Сайлауды ойдағыдай өткізе алса, жеңімпаз партияның қалауымен үкіметті басқарса, арғы жағында президенттік сайлау да жетіп келіп қалады.

3. Кәрім МӘСІМОВ.

Кәрім ҚАЖЫМҚАНҰЛЫНДАЙ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысын Сенат спикерлігіне алып келу көкпарға салар атыңды қой өргізіп, қор қылғандай тірлік болары анық. Мұны екі президент те біледі, түсінеді. Сондықтан, ҚАЖЫМҚАНҰЛЫН көзден таса ұстағанды жөн көреді.

4. Самат ӘБІШ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ 42 жастағы немере інісі Самат САТЫБАЛДЫ көпшілікке беймәлім тұлға. ҰҚК-де екінші адам дегеннен басқа сөз айтылмайды. Өзі саяси мәлімдеме жасап, билікке ынтық екенін көрсеткен емес. Біздіңше, Самат ӘБІШ сенатқа дәл қазір келмейді. Өйткені, Дариғаның орнына Самат келсе, онда онсыз да асау өзендей тасыйын деп тұрған ел ішінде монархиялық билік туралы әңгіме қайта өршіп, билік пен халық арасындағы қақтығыс пен сенімсіздікті қоздырушы болмақ.

5. Әсет ИСЕКЕШЕВ.

[caption id="attachment_3250" align="alignleft" width="850"] Фото nur.kz сайтынын алынды[/caption]

Жеке саяси амбициясы жоқ, саяси топтарға кіндігін байлатпаған, тұңғыш президентке ғана қызметі бейіл деп сипатталатын Әсет ӨРЕНТАЙҰЛЫН сенатқа спикер жасайтындай жөн жоқ сияқты. Өйткені ол қазірдің өзінде Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы һәм президенттің көмекшісі болып отыр. Яғни, тұңғыш призиденттің қасында отырып, қазіргі президенттің тірлігін бақылап тұр.

6. Тұңғыш президентке етене бауыр жақын емес, бірақ, оған ниет, пейілдері Тоқаевтікіндей адал дейтіндердің арасында, елге жағымды аты бар, сенатор болуы мүмкін дейтіндердің қатарына қазіргі мемхатшы Қ.КӨШЕРБАЕВ, Алматы облысының әкімі А. БАТАЛОВТАРДЫ қосуға болады. Бұл азаматтардың зейнет жасынан асып кеткені де сенат қабырғасында айтарлықтай білінбес еді.

7. Бектас БЕКНАЗАРОВ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа спикерді сырттан емес, сенат ішінен іздеуі мүмкін дегенге келсек, Бектас ӘБДІХАНҰЛЫ назарға бірден түседі. Оның қазіргі қызметі – спикер орынбасары. 2011-2013 жылдары Жоғары сотты басқарған. Одан кейін екі жыл Жоғары сот кеңесіне төраға болды. 2014 жылдан бері сенаттың суымен кіріп, отымен шыққан жайы бар. Жүрген жолы, жинаған қызметінің тізімі президенттің ұсынысына, сенаторлардың таңдауына оң келіп тұр. Бірақ, былтыр ғана өзі «ұшып шыққан ұясына» көз салса, Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ назары Асқар ШӘКІРОВКЕ түсетін сияқты.

8. Асқар ШӘКІРОВ


Асқар ОРАЗӘЛІҰЛЫ де сенат төрағасының орынбасары. Қарағанды тумасы. Мамандығы дипломат. Мәскеуде оқыған. Сыртқы істер министрлігінде істеген, шығыс елдерінде елшілікті де көрген. Сенат жұмысына төселген. Қысқасы, ТОҚАЕВТЫҢ ізімен келе жатқан жайы бар. Ағылшын мен қытайша ағып тұрған ШӘКІРОВ кім біледі, ертең спикер болып кетуі де ғажап емес.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

16.04.2024

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

16.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз.

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті.