Үкімет өкілі Мақтааралға келді

Malim Админ

  • 06.05.2020

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр су басқа ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіпті.

"Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде - бір тұрғыны көмексіз қалмайды, деді. Сол себепті, сіздерге тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды",- депті премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр.

Апатқа байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар жұмыс тобы Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуиси, Өргебас, Достық ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Комиссия келген шығынды шұғыл түрде есептеу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым қолға алынады.

Комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.

Байланысты жаналықтар

Мақтаарал ауданының  тұрғындары әкіміне сенім артып, тағы бір мүмкіндік берді 

08.11.2023

Көлгінов вице-премьер болады екен...

25.12.2020

Мақтааралда екі премьер-министр құрылысты бастап кетті

10.05.2020

Шавхат Мирзиеев: Қазақ бауырларымыздың алдында ұяттымыз

05.05.2020

Мақтааралды оңалтуды үкімет комиссиясы мойнына алды

04.05.2020

МАҚТААРАЛДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ЖОҚ

02.05.2020
MalimBlocks
Мақтаарал ауданының  тұрғындары әкіміне сенім артып, тағы бір мүмкіндік берді 

Көлгінов вице-премьер болады екен...

Мақтааралда екі премьер-министр құрылысты бастап кетті

Шавхат Мирзиеев: Қазақ бауырларымыздың алдында ұяттымыз

Мақтааралды оңалтуды үкімет комиссиясы мойнына алды

МАҚТААРАЛДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ЖОҚ