Биыл Канн кинофестивалі өтпейді

Malim Админ

  • 11.05.2020

Биыл Канн кинофестивалі өтпейді. Фестиваль бағдарламасындағы фильмдерді күзде өтетін басқа фестивальдардан көруге мүмкіндік болады.

Бұл кинофестивальдың ұйымдастырушылары 2020 жылы кино әлеміндегі бұл үлкен шараны, тіпті, онлайн форматта өткізбеуге шешім қабылдаған. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Variety басылымына сұхбат берген фестиваль өкілінің айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде бұл шараны физикалық тұрғыда да, онлайн жағдайда да өткізу қиын. Маусым айының басында фестивальға қатысып жатқан фильмдердің «тағдыры» ары қарай не болатыны айтылады.

Күзде өтетін кинофестивальдарда, оған Венеция кинофестивалін қосыңыз, Каннға түскен фильмдердің бір бөлігін көрсетеді, қалғанын кинотеатрларда көрсетуі мүмкін.

Канн фестивалі 12-23 мамыр аралығында өтуі тиіс еді. Наурыз айында ұйымдастырушылары, шараның маусым айына шегерілгенін айтқан. Бірақ бұл жоспарды Францияда Төтенше жағдай  режимінің кем дегенде 10 шілдеге дейін созылуы бұзды.

Байланысты жаналықтар

Алматы әуежайында екі шетелдік жалған құжаттармен ұсталды

06.03.2024

Мирзеевке арналған Конституция...  Францияда күнде ереуіл    

02.05.2023

Франция сарайлары: Жеке аралы мен алып поместьесі бар қазақ байы

15.04.2021

Иран баспасөзі: Кетіп қуантқан президент

25.01.2021
MalimBlocks
Алматы әуежайында екі шетелдік жалған құжаттармен ұсталды

Шетелдік азаматтар депортацияланды.

Мирзеевке арналған Конституция...  Францияда күнде ереуіл    

Ол Ислам Кәрімов секілді 26 жыл Президент болғалы тұр

Франция сарайлары: Жеке аралы мен алып поместьесі бар қазақ байы

Иран баспасөзі: Кетіп қуантқан президент