Қызылордалықтар блок-бекетке наразылыққа шықты

Malim Админ

  • 12.05.2020

Қызылорда облысында  коронавирус жұқтырған 46 адам анықталған Төңкеріс ауылының тұрғындары екі айға жуық карантиннен әбден шаршаған. Ауылға кірер жолдардың бірін қатаң күзетпен, ал келесі жағын үйіндімен бітеп бізді қамап отыр деген тұрғындар блок-бекет маңына жиналып, наразылық білдірді. Ашынған ауылдықтар жұмыстарының тоқтап қалғанынан ішерге ас таппай отырғандарын айтады.

Шиелі ауданына қарасты Төңкеріс ауылына халықаралық Батыс Қытай – Батыс Еуропа трассасынан кіре-беріс жолға белден келетін топырақ үйілген. Мұндай ұзын-сонар үйінді ауылға көліктердің кіріп-шықпасы үшін бөгет есебінде салынған екен.

Төңкеріс ауылының топырақ үйілген кіре берісі. 12.05.2020 жыл.

Төңкеріске әкелетін екі жолдың келесі бірінде әскер мен полиция күзеткен блок-бекет орналасқан. Карантиннің кесірінен екі айдан бері ауылдан шыға алмай қажыған тұрғындармен Malim.kz тілшісі тек бекет басында тілдесуге мүмкіндік тапты. Ауылдықтар айлап жұмысқа бара алмай,соның салдарынан азық-түлік алуға да ақшалары қалмағанын айтады.

«Бізді ауылға қамап қойды. Мұның шегі бар ма өзі? Ертең, арғы күні дейді. Бірақ әлі байлап ұстап отыр», - дейді Төңкеріс ауылының тұрғыны Динара ШОТАНОВА.

[caption id="attachment_3559" align="alignleft" width="1000"] Төңкеріс ауылының блок-бекет қойылған кіре берісі. 12.05.2020 жыл.[/caption]

Жығылғанға жұдырық болғандай, ауылдағы азық-түліктің бағасы да шарықтап кеткен дейді көпшілік. Ал бағаны қадағалайтын әкім де жоқ деп ашынады.

«Жеті мыңнан алатын ұнды, бұл жақта сегіз мыңнан аламыз. 2 л. шемішке майды ауданнан 900 теңгеге алсақ, бізде 1500 теңге. Оған екінің бірінің қолы жете бермейді. Халықтың бәрі қиналып жатыр, - дейді тағы бір ауыл тұрғыны Раушан СӘРСЕНБАЙ.

Ауылға кіретін жолдарды ашсын деп блок-бекетке жиналған ауыл тұрғындарын карантин тәртібін бұзып тұр деп ауыл әкімінің міндетін атқарушы таратпақ болды. Бірақ, сәлден соң оқиға орнына келген аудан әкімі орынбасарының өзі карантиннің топ болып жиналуға болмайды деген талабы есінен шығып кетті ме,тарап кеткен көпшілікті қайта жинап алды.

[caption id="attachment_3560" align="alignleft" width="1000"] Төңкеріс ауылының тұрғындары. 12.05.2020 жыл.[/caption]

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек ЫСМАҒҰЛОВ жұрттың наразылығына себеп болған азық-түлік бағасының қымбаттағанынан хабардар болып шықты. Карантин басталғалы Қазақстанда азық-түлік қорының жеткілікті екенін айтудан шаршамай келе жатқан президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жергілікті атқарушы билік азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстау керек деген сөзін «сырттай бақылап отырыңдар» деп ұқты ма екен, қымбатшылық жайлы онша бас қатырмайтыны байқалады. Бейбіт күндегідей жайбарақат сөйлейді:

«Бұл жерден блок-пост алынбайды. Өйткені, Төңкеріс, білесіздер, Шиелі ауданы бойынша бір ошақ болып есептеледі. Бұл жердің азық-түлігінің барлығын сырттан әкелетіндіктен, тасымал бағасын қосып қана әкеледі», - деді ол.

[caption id="attachment_3561" align="alignleft" width="1000"] Шиелі ауданы әкімінің орынбасары төңкерістіктердің алдында сөйлеп тұр. 12.05.2020 жыл.[/caption]

Қысқасы, орынбасар әкім төңкерістіктердің талабы бүгін-ертең орындалмайтынын ашық айтты. Ләмінен түсінгеніміз, блок-бекет те алынбайды, азық-түлік те арзандамайды.

Айта кетейік, Төңкеріс ауылында 46 коронавирус жұқтырды делінген тұрғын анықтаған. Олардың қазір 44-і толық емделіп үйлеріне қайтарылған. Ал Қызылорда облысы бойынша бүгінде COVID-19-ға шалдыққан 231 адам белгілі.

P.S.: Тұрғындар әкімнің сөзіне онша тұшынбай тарқасты. Блок-бекетті ашпаған соң, басқа жағдайды жасау керек емес пе еді... «Егер мынаны 15-іне дейін ашпаса, халық ашынып отыр. Өзіміз бұзамыз мынаны», - деп бекініп отыр.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Қызылорда облысы

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

28.03.2024

Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

07.03.2024

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

«Өзімді өртеп жіберемін». Астанада наразы азамат мұнара кранына шықты

24.04.2023

Астана әуежайында шу шықты. Жолаушылар наразылық білдірді

26.02.2023

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

09.01.2023
MalimBlocks
Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

Ақмола облысында су тасқынынан кейін наразылық білдірген Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

Әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпарат расталды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

«Өзімді өртеп жіберемін». Астанада наразы азамат мұнара кранына шықты

Жер дауы бойынша сот шешімімен келіспейді

Астана әуежайында шу шықты. Жолаушылар наразылық білдірді

Рейсті тоқтатып тастаған

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

Не деп айтарымызды білмейміз