Тұрғымбаев Қасымовқа қарсы ма?

Malim Админ

  • 15.05.2020

Ішкі істер министрлігі "Қазақстан" санаторийінің бұрынғы президенті Қазбек СҰЛТАННЫҢ жұбайы Альмира СҰЛТАН тергеуге алынған күйеуінен мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Қалмұхамед Қасымовқа қарсы куәлік беруге мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеді.

"Бүкіл отбасымызға тергеу назары ауғанын білесіздер. Күйеуімді бірден қамауға алды. Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен тергеушілері - М.Сарбасов пен Б.Есмаханов күйеуімнен бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұхамед Қасымов пен оның орынбасары Б.Бейсенқұловқа қарсы куәлік беруді талап еткенін білдім. Жедел тергеу тобының жетекшісі Б.Есмаханов төтенше жағдай мен карантин кезінде қылмыстық кодекстің нормаларын бұзып, адвокаттарға хабарламай, ЛА155/18 уақытша қамау абақтысында күйеуіммен сөйлесіп, психологиялық қысым көрсетіп, ұсыныс тастаған. Ол ұсыныстан күйеуім бас тартты, өйткені кінәсіз адамдарға жала жаба алмайды. Күйеуімді сегіз ай бойы уақытша қамау абақтасында ұстап отыр", - деп жазады Альмира Сұлтан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Мамыр айының басында ішкі істер министрігі "Қазақстан" санаторийі бұрынғы директоры Қазбек Сұлтанның қызы да осы іс бойынша қамауға алынған. "Жақында 25 жастағы қызымызды да қамауға алды. Ол осы күнге дейін карантинде үйде отырған. Сегіз айдан кейін қызымыз істің тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін дегені ақылға қонбайды", - деп жазады Альмира Сұлтан.

15 мамыр күні ішкі істер министрлігі Қазбек Сұлтанның 974 миллион теңге жымқырды деген күдік бойынша ұсталғанын хабарлаған. Бұл істің тергеліп жатқанына сегіз айға жуықтады.

Оқи отырыңыз: Генерал Қасымовтың ұлында қанша компания бар?

Байланысты жаналықтар

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма

22.04.2024

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

27.03.2024

Самат Әбіш шартты жазасын қалай өтейді – Министр жауабы

20.03.2024

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарады

04.01.2023

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021
MalimBlocks
«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма

Бұл мәселе әлі қарастырылады.

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Самат Әбіш шартты жазасын қалай өтейді – Министр жауабы

Ержан Сәденов оның тұрғылықты жерінде болуы керек екенін айтты.

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарады

Оралов бұған дейін 10 ай Amanat партиясының Атқарушы хатшысы болған.

Алексей Цой қызметінен босатылды