Шегіртке дауымен шенеунік сотталып кетті

Олжас Қасым

  • 17.05.2020

Астанадағы Байқоңыр аудандық соты осы аптада үш жылға созылған тергеуге нүкте қойғандай. Әзірге сот үкімі күшіне енген жоқ. Айыпталушыда сот шешіміне шағымдануға уақыт бар.

Дегенмен, аудандық соттың шешімімен Ержан АЙНАБЕКОВ  6 жылға бас бостандығынан айырылды, өмір бойы мемлекеттік қызметте істемейтін болды.

[caption id="attachment_3710" align="alignleft" width="150"]Ержан Айнабеков Ержан Айнабеков[/caption]

Үш жыл тергеліп, 6 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын алған Ержан ТОҚТАСЫНҰЛЫ кім еді?  Өмірбаянына қарасақ, Шымкент қаласының тумасы, 54 жастағы Ержан ТОҚТАСЫНҰЛЫ 30 жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен, оның  ішінде 17 жыл басшылық қызметтерде болған.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Қарапайым лаборанттан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің Комитет төрағасы лауазымына дейін өскен. СҚО-да Мағжан Жұмабаев және Айыртау аудандарының әкімі болған. 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың наурызына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінде  комитет төрағасы қызметін атқарған.

Бәлелі іске Ержан АЙНАБЕКОВ осы қызметке астанаға көшіп келгенде ұрынған. Онда да соққы оңтүстіктен келді. 2017 жылы Жамбыл облысының Байзақ пен Талас аудандарының кең даласын шегіртке көміп, тіпті, жол үстінде жыпырлаған жәндіктер көлік жүргізбей тастаған еді. Міне, сол шырылдауық шегіртке шенеунікті қызметсіз қалдырса, енді бас бостандығынан айырды.

«Ол 2017 жылы Жамбыл облысында шегірткеге қарсы химиялық тазалау жұмыстарында «Оразалиев» ЖК-мен қосымша негізсіз келісім-шарт жасап, қызметін асыра пайдаланып, зор шығынға ұшыратты» ,­- деді осы аптада өткен брифингте Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері Данияр БИГАЙДАРОВ.

Тергеушінің сөзінше, шенеунік лауазымды қызметін асыра пайдаланып, «ҚазТрнасКем» ЖШС-нен төрт мың литр ұлыхимикатты су тегін талап еткен, сондай-ақ, шегіртке қаптаған жерге ведмостваға қарайтын ұйымның арнайы техникасын заңсыз пайдаланған. Сөйтіп, жеке және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 48 миллион теңге зиян келтірген.

Алайда, баспасөзге аты-жөндерін атағысы келмеген сотталушының жақындар бұл істің күмәнді тұстары көп дейді. Мәселен, Е.АЙНАБЕКОВ Жамбыл облысына барып, жергілікті-жерде шұғыл шешімдер қабылдап, керекті техниканы жұмылдыра білгенінің арқасында шегіртке шеруі басқа аймақтарға, көрші елдерге жалғаспаған. Яғни, шенеуніктің жұмысынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ешкім шығын шекпеген.

Екіншіден,  химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде  бюджет есебінен алынған препараттар зиянкеске әсер етпей, салдарынан шегіртке зиянкестерінің көлемі ұлғайып бара жатқаннан соң, өңдеуші – мердігер ЖК «Оразалив Б.У»  өз есебінен сапалы препараттар сатып алып, Петропавл және Көкшетау қалаларынан аса қуатты бүріккіш газогенераторлар әкеліп, шегіртке зиянкестерінің бетін қайтарған. Бұл жерде де ешкім шығын шекпеген.

Сотталушы Ержан АЙНАБЕКОВ  ауыл шаруашылығы министрлігіндегі қызметке осы саланы Асқар МЫРЗАХМЕТОВ басқарып тұрғанда келді.  Бір қызығы, ауыл шаруашылығы министрлігінен  Жамбыл облысы әкімдігіне ауысқан Асқар МЫРЗАХМЕТОВ-ті өңірде шегертке шабуылдап күтіп алды. Ал министрлікке  Өмірзақ ШӨКЕЕВ тағайындала саласымен комитет төрағасы Ержан АЙНАБЕКОВ  жұмысынан босап кетті. Кейіннен тергеу басталып, шегертке шеруі экс-шенеунікті шыр айналдырды.

көрнекі фото https://pixabay.com/ сайтынан алынды

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ

Байланысты жаналықтар

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

07.04.2022

Сапарбаев та кетті

07.04.2022

Ұшып кеткен шатыр немесе Сапарбаевқа сәлемдеме  

30.11.2021

Жамбыл облысындағы жарылыс. Тосыннан талдау 

09.11.2021

Айша бибі тұрғындары «Әулие бастауға» алаңдаулы

09.11.2021

"Денсаулық" саяжайы. Ештеңе жоқ, өлесің де қаласың         

03.11.2021
MalimBlocks
Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

Бердібек Сапарбаев - Назарбаев дәуірінде қалыптасқан, әкім болудан рекорд жасаған шенеунік. Қазір зейнет жасында. Бүгін Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Бірақ, ол құрған отбасылық династия рекордсмен әкімнің орнын жоқтатпайтын сияқты...

Сапарбаев та кетті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ұшып кеткен шатыр немесе Сапарбаевқа сәлемдеме  

Редакциямызға Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылынан Гүлмира Әлиасқарова есімді тұрғын хабарласып, «қорыққанды ғана сыйлайтын мына заманда шатырының ұшып кеткенін» айтып күйінді. Оқырман сөзін қаз-қалпында беруді жөн көрдік.

Жамбыл облысындағы жарылыс. Тосыннан талдау 

Айша бибі тұрғындары «Әулие бастауға» алаңдаулы

«Әулие бастау» бұлағы сатылып кетіпті... Жамбыл облысында осы сөз желдей есіп тұр.

"Денсаулық" саяжайы. Ештеңе жоқ, өлесің де қаласың         

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы «Денсаулық» саяжайының тұрғындары бірнеше жыл қатарынан не жарықсыз, не сусыз, не жолсыз күн көріп келеді.