80 постқа 10 миллион теңге төлейді

Malim Админ

  • 21.05.2020

Ақпарат құралдарындағы тендерге ақша аямайтын әкімдіктер әлеуметтік желідегі пропагандаға да миллиондарды шашып жүр.  Әлеуметтік желіде жұмысын көрсетіп, жан-жақты насихаттайтын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігін былай қойғанда, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері арнайы блогерлер үшін бөлек тендер ойнатқан.

Алматы облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы сәуір айында "жаңалықтар порталдарында және әлеуметтік желілерде, оның ішінде танымал блогерлер мен қоғамдық пікір жетекшілері арқылы ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жұмыстарын жариялау" деген атпен 3 миллион теңгенің тендерін ойнатқан. Тендерді "Ізгілікті істер" қоғамдық қоры ұтқан. Тендерді ұтып алушы желтоқсан айына дейін интернет ресурстар мен әлеметтік желі арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, деструктивті идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мен діни қатынас бағытындағы радикалды идеяларға қарсы материалдар әзірлеп, орналастырады. Өнім беруші әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде платформа құрып, аудитория жинауы керек. Ақпараттық топтар мен платформалардағы қолданушылар ай сайын 750 адамға өсіп отыруы тиіс. Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, өнім беруші белсенді азаматтық ұстанымы бар Алматы облысының қайраткерлерін (блогерлерді, беделді мәдениет және спорт қайраткерлерін, жастар өкілдерін, белгілі саясаттанушыларды, дінтанушыларды, теологтарды, дәстүрлі діни бірлестіктер өкілдерін және т. б.)т арта отырып, сұхбат, ақпараттық-ағартушылық және жаңалықтар посттары, мақалалар, демативаторлар мен фотоларды дайындап жариялайды. айына кемінде 30  жарияланым шығуы керек.

Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы да облыс әкімдігінен қалыспай осыған ұқсас тендерді ақпан айында өткізіп жіберген. "Дін саласындағы профилактикалық жұмыстарға блогерлерді тарту" деген атпен ашық конкурс түрінде өткен тендердің жалпы сомасы – 10 714 285 теңге. Тендерді ұтып алушы әлеуметтік желіде 1 желтоқсанға дейін кемі 80 пост жариялауы тиіс. Ай сайынғы жарияланым саны сегізден кем болмауы керек, сонда әр блогер кемі 1 посттан жариялап отыруы тиіс. Бұл тендерге тартылған блогерлердің құрамын қалалық әкімдіктің қоғамдық даму басқармасы бекіткен. Тендерді жеңіп алушы әлеуметтік желілердің біреуінде  (вконтакте, фейсбук, Instagram) 3 мыңнан кем емес жазылушылары бар кемінде 8 блогерді тартуы тиіс. Сонда қалалық әкімдік әлемжелідегі әр пост үшін 100 мың теңгеден астам ақша төлемек.

Қызығы, осы тендерді ұтып алған "Bsquared" ЖШС-ның иесін зерттеп көрген Информбюро порталының тілшісі оның бұрын Алматы әкімдігінде жұмыс істеген экс-шенеунік екенін анықтаған. "Bsquared" ЖШС-ның директоры әрі құрылтайшысының бірі Бейбіт Тұрабаев бұрын Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімін басқарған. Ол сондай-ақ дін істері басқармасының "Зертеу және талдау орталғының" жетекшісі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың сөзін Көлгінов құлағына қыстырмай ма?

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Петропавлда зардап шеккендерге берілетін өтемақы екі есеге қысқартылған

17.04.2024

«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

15.04.2024

«Үкімет те әбден үйреніп алған»: Лодочников «жылу жинайтын» блогерлерге күмән келтірді

10.04.2024

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

10.04.2024

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басталуы: таза бағдаршамдар, аялдамалар мен көрсеткіштер

08.04.2024

Атырау облысының әкімдігі жасанды бөгеттерді жарып жатыр

07.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Петропавлда зардап шеккендерге берілетін өтемақы екі есеге қысқартылған

Қазірге дейін прокуратура мен қалалық әкімдіктен жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме келмеген.

«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік «Таңбалы» музейінде де болып жатыр.

«Үкімет те әбден үйреніп алған»: Лодочников «жылу жинайтын» блогерлерге күмән келтірді

Ол блогерлерге өз қаражаттарын аударуды ұсынды.

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

Нәтижесінде оның бағасы 3200 теңгеге төмендетілген.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басталуы: таза бағдаршамдар, аялдамалар мен көрсеткіштер

Осылайша, бір ай ішінде Алматы қалалық Мобильділік басқармасы мен аудан әкімдіктері 480 бағдаршам, 1 765 аялдама павильонын ретке келтіріп, 300 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Атырау облысының әкімдігі жасанды бөгеттерді жарып жатыр

Қазір Ұлы Жем өзені елді мекенге қауіп төндірмес үшін қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып тұр.