Сын жазғыштарды бақылауға 46 миллион теңге бөлінді

Malim Админ

  • 25.05.2020

Мемлекеттік органдар әлеуметтік желідегі пропагандаға ғана емес, желі қолданушыларының жазған пікірлерін бақылау үшін де миллиондарды жұмсайды. Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметі әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды бақылау үшін 46 миллион теңгенің тендерін ойнатқан. "Әлеуметтік желілердегі жарияланымдардағы әлеуметтік шиеленісті автоматтандырылған бақылаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізу қызметтері" атты тендерді Орталық коммуникациялар қызметі өтпей қалған конкурс нәтижесі бойынша бір көзден – Alem Research ЖШС-дан сатып алған.

Тендердің техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, өнім беруші қазақ және орыс тілдерінде  Facebook,  Instagram, Twitter, YouTube, ВКонтакте, Telegram мен  Одноклассники желілерін  пайдаланушылардың мәтіндік хабарламаларын автоматты түрде жинап, әлеуметтік қақтығыс пен наразылық көңіл күйлерін анықтайды. Құжатта әрбір терминнің түсіндірмесі қоса берілген. Әлеуметтік қақтығыстарға тендерді ұйымдастырушылар мынандай сипаттама берген: ол "желілерді пайдаланушылардың эмоцияларында, көңіл күйлерінде, көзқарастарында, пайымдауларында және мінез-құлқында көрінеді. Әлеуметтік қақтығыстар мазасыздық, қорқыныш, агрессивтілік, сенімсіздік, қатыгездік және т. б. ретінде сипатталады".

Техникалық ерекшелік құжатына сәйкес, өнім берушінің автоматтандырылған монторинг жүйесінде мынандай мүмкіндіктер болуы тиіс. 1. Қазақ және орыс тілдерінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың мәтіндік хабарламаларын автоматты түрде жинау: 1.1. Facebook; 1.2. Instagram; 1.3. Twitter; 1.4. YouTube; 1.5. ВКонтакте; 1.6. Telegram; 1.7. Одноклассники. 2. Қазақстанның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету салаларына қатысты наразылықтар (оларға шағымдар, құқыққа қарсы белсенділікке шақырулар немесе сындар жатады) бар хабарламаларды автоматты сәйкестендіріп, салалар бойынша жіктеу. 3 Тақырыптар бойынша наразылықты топтау. 4. Әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікір көшбасшыларын мониторингпен қамту (кемінде 400 қоғамдық пікір көшбасшыларын) және тағы басқа.

Құжатқа қарағанда, өнім беруші елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласындағы наразылық, заңсыз әрекетке шақыру мен мен сыни пікірді анықтауы тиіс. Оны Қазақстанның аймағы мен салалар бойынша жіктеп беруі керек. Оны былай қойғанда, өнім беруші кемінде 400 қоғамдық пікір көшбасшысының парақшасын мониторингтен өткізіп отыруы керек.  Тендерді ұтып алушы жазбалар мен пікірді денсаулық сақтау, білім беру, жемқорлық, сот-құқықтық жүйе, көлік және инфрақұрылым, мемлекеттік басқару, экология, қауіпсіздік, наразылық көңіл күй, партиялық-саяси жүйе, т.б. салалар бойынша жинап топтайды. Қызығы, әр салада барынша белсенді наразылық білдірген әлеуметтік желі қолданушыларының рейтингісін автоматты түрде есептей алуы керек. Наразылық көңіл күйлерінің қалай өзгергенін графикпен көрсетуі қажет. Қызығы, тендерді жеңіп алушы 2019 жылдың басынан бері әртүрлі аймақтарда әртүрлі сала бойынша наразылық көңіл күйін білдірген әлемжелі қолданушыларының жазбалары мен пікірлері бойынша статистикалық есеп ұсынады. Талдау  тіршілікті қамтамасыз етудің кемінде тоғыз саласы бойынша кемі 50 мың жазбаны қамтуы тиіс.

Бұл – Орталық коммуникациялар қызметінің әлемжеліні бақылау бойынша ойнатқан тендері. Сіз әлеуметтік желіде қалдырған сыни пікір мен наразылық көңіл күйлерін басқа органдар да дәл осылайша бақылап жатқаны түсінікті.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.