Дәрігер Біртановқа: Молдағасымованы арашалауды доғарыңыз!

Malim Админ

  • 04.06.2020

Алматының бұрынғы бас санитар дәрігері Айзат МОЛДАҒАЫМОВА Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры болып тағайындалды.

Айзат Молдағасымова сәуір айының басында Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханасының жүздеген қызметкері коронавирус жұқтырған шақта қызметінен кеткен. Оған дейін А.Молдағасымова коронавирус жұқтырған дәрігерлердің өзіне кінә артып, вирус анықталған дәрігерлер сақтық шараларын дұрыс жасамаған деп мәлімдеді. Бұған шамданған қалалық орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері ол уақытта бас санитар қызметін атқарып жүрген Молдағасымованың үстінен арыз түсіретінін мәлімдеген.

Медицина ғылымдарының кандидаты, балалар невропатологы Қайырғали КӨНЕЕВ Айзат Молдағасымова Halyk Bank коронавируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне көмек ретінде бөлген ақшадан өзіне қомақы сыйақы тағайындағанын мәлімдеген. Молдағасымова Halyk Bank-тен ақшалай сыйақы алғанын растап, бірақ сыйақыны өзіне өзі тағайындамағанын айтқан. Артынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "медицина қызметкерлеріне үстемақы үлестіру ісі" бойынша тексеру басталғанын хабарлаған.

Белсенді дәрігер Қайырғали КӨНЕЕВ денсаулық сақтау министрлігі "Мемлекеттік қызмет туралы" заңды бұзып отыр дейді. "Денсаулық сақтау министрлігі Біртановтың жекеменшік мекемесі емес, Денсаулық сақтау министрлігінен мемлекеттік қызмет туралы заңды сақтауды талап ету керек. Айзат Молдағасымованың үстінен наурыз айының соңында денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен тәртіптік комиссия құрылған болатын. Бірақ комиссия жұмысын бастай алмады. Өйткені Молдағасымова өте ұзақ ауырып жатты. Аурынан айығып шықты. Жұмыстан шығу жөнінде өтініш жазды, министрлік оның үстінен тәртіптік комиссия құрылғанына қарамастан, өтінішін қабылдады.  Енді Біртанов Молдағасымованы министрлікке қарасты ғылыми-зерттеу институтқа директор етіп жіберді. Бұл жерде Біртанов тәртіптік комиссия жұмысын бастамағанын, ал тәртіптік комиссия қорытындысы шықпай мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыспен кетіп, басқа ұйымға директор болып тағайындала алмайтынын назарға алып жатпады. Ал бұл тәртіптік комиссия жұмысының қорытындысын Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күтіп отыр. Бұл мекеме Молдағасымованың Халық банкі бөлген қаржы есебінен сыйақы алғанының заңдылығын тексеруді бастаған. Құрметті Елжан Амантайұлы. Заңның алдында бәрі тең, олай болса, Айзат Молдағасымованы арашалауды доғарыңыз. Тәртіптік комиссияның жұмысын соңына дейін жеткізіңіз!" – дейді Қ.Көнеев.

"Бұл Молдағасымованы жауапкершіліктен арашалап қалу әрекеті. Бұл белгілі бір уақыттан кейін, 1-2 айдан соң денсаулық сақтау министрлігі құрылымдарының біріне жетекші қылу үшін жасалып жатыр", –дейді дәрігер.

Қ.Көнеев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жариялап, Біртановты тәртіптік комиссия жұмысын соңына дейін жеткізуге міндеттеуді сұрапты.

Пандемия бастала салысымен қаланың бұрынғы бас дәрігері Айзат Молдағасымованың басы дауға қалған. 9 наурыз күні Франкфурт – Алматы бағытымен ұшып келген Молдағасымованың рейсінен коронавирус жұқтырған адам анықталды. Ақпарат құралдары қаланың бас санитары науқаспен байланыста бола тұра, 14 күндік карантин сақтамай, жұмысқа шыққанын жазды. Қ.Көнеевтің айтуынша, Молдағасымова 10 наурыз күні жұмысқа шығып, 13 наурызға дейін әкімдік, "Нұр Отан", аурухана мен басқа мемлекеттік органдарға жиналыстарға барған.  Осы мәлімдемеден кейін Алматы қаасының қоғамдық кеңесі Айзат Молдағасымованы қызметінен алуды талап етті. Алайда бас санитар бұл ақпаратты теріске шығарып, өзі ұшып келген рейстен коронавирус жұқтырған науқас 13 наурыз күні анықтала салысымен өзін-өзі оқшаулағанын мәлімдеген.

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады