Әлнұр Ілияшев онлайн сотқа қатысудан бас тартты

Malim Админ

  • 12.06.2020

Алматыда "Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген белсенді Әлнұр Ілияшевке қарсы сот процесі басталды. Істі Медеу аудандық соты онлайн режимде қарап жатыр. Әлнұр Ілияшев сотқа СИ-18 тергеу изоляторынан қатысты. Прокурорлар, судья мен адвокаттар  сотқа онлайн қатысып отыр.

Онлайн соттағы байланыс өте нашар, судьяның даусы бірде естілсе, бірде естілмейді. Онлайн соттан тікелей трансляцияны белсенді Даная Қалиева мен Марат Қияшев жүргізіп жатыр.

Әлнұр Ілияшев соттың онлайн өтуіне қарсылық білдіріп, процестің сот ғимаратында өтуіне рұқсат берілмейінше, сотты кейінге қалдыруды сұрады. Алайда судья бұл өтінішті аяқсыз қалдырды.

Әлнұр Ілияшев сотқа қатысудан бас тартып, онлайн соттан шығып кетті. Судья  Махарадзе айдауылдарға айтып жатып, Ә.Ілияшевті онлайн трансляция жүріп жатқан тергеу изоляторындағы бөлмеге қайта алдыртты. Алайда Ілияшев "мұнда онлайн сот өткізуге мүмкіндік жоқ" деп қайта шығып кетті.

Расында да, Ілияшев онлайн байланысқа шығып жатқан тергеу изоляторынан айқай-шу естіліп жатты. Адвокаттар тергеу изоляторындағы шу сотты жүргізуге кедергі келтіріп жатқанын айтып, тергеу изоляторын онлайн байланыстан ажыратуды сұрады. Судья айыпталушы сол жақтан қатысуға тиіс болғандықтан, онлайн байланыстан ажыратпайтынын ескертті.

Ілияшевті үш адвокат: Виталий Воронов, Нұрлан Рахманов пен Таир Наханов қорғап жатыр. Қорғаушылар Ә.Ілияшев процеске қатысудан бас тартқандықтан, сотты кейінге қалдыруды сұрады. Алайда прокурор бұл өтінішті қанағаттандырмауды сұрады. Судья прокурор өтінішін құптап , онлайн сотты жүргізе берді.

Сот ғимаратының сыртында жиналған Әлнұр Ілияшевті қолдауға келген белсенділер онлайн сотқа қарсылық білдірді. Олар Ілияшевті қудалауды тоқтатып, қамаудан босатуды талап етті.

Әлнұр Ілияшевті қолдауға жиналған белсенділер. Фото Марат Тұрымбетовтің Facebook парақшасынан алынды

Белсенді Әлнұр Ілияшев 17 тәуір күні "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті «күдікті жұртты әдейі жаңылыстыратын ақпарат таратты, полицияның ескертуіне құлақ аспады. Ол тіпті ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау ісі бойынша өткен соттан да тиісті қорытынды жасамады. Сот үкімі бойынша, Ілияшевті бұрын таратқан ақпаратты теріске шығаруға міндетті еді», – деп хабарлады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен Әлнұр Ілияшевті қамаудан босатып, қылмыстық істі тоқтатуға шақырған.

Байланысты жаналықтар

Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

26.04.2024

«Жүргізуші баламның намысына тиген»: Автобус апатына кінәлі күдіктінің анасы сотта сөйледі

26.04.2024

Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

26.04.2024

Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

24.04.2024

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

24.04.2024

Бишімбаев сотта Салтанат өзін «6,5 сағат психологиялық тұрғыда қинады» деп мәлімдеді

24.04.2024
MalimBlocks
Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Жүргізуші баламның намысына тиген»: Автобус апатына кінәлі күдіктінің анасы сотта сөйледі

Ол баласының бұрын бұзақалық істемегенін, 22 желтоқсан күні 3 айлық баласына асыққанын айтты.

Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

Тараптарға сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беріледі.

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бишімбаев сотта Салтанат өзін «6,5 сағат психологиялық тұрғыда қинады» деп мәлімдеді

Оның айтуынша, Салтанат сондай жағдайға дейін жеткізген...