Бас прокурор Рысқалиевке дүние-мүлкін қайтарып бергісі келеді

Malim Админ

  • 14.06.2020

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, бас прокурор Ғиззат НҰРДӘУЛЕТОВ жоғарғы сотқа қашқындағы Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен оның бұрынғы депутат інісі Аманжан РЫСҚАЛИЕВТІҢ мүлкін тәркілеуге қатысты үкімді қайта қарау жөнінде кассациялық шағым түсірген.

Бұған дейін Рысқалиевтердің дүние-мүлкін тәркілеуге қатысты үкімді қайта қарау жөніндегі өтінішті олардың адвокаттары түсірген. Бас прокурордың шағымында «істі зерделеу барысында мүліктердің заңсыз тәркіленгені туралы өтініштерде көрсетілген дәлелдер расталды», - делінген. Бұл тек ағайынды Рысқалиевтарға ғана емес, олармен бірге сотталған Рүстем ӘЛБАҚАСОВ пен Ерболат ІЗБАСАРҒА, сондай-ақ олардың әйелдеріне де қатысты.

Бас прокурордың шағымында келтірген басты дәлелі Рысқалиевтер, Әлбақасов пен Ізбасар бюджеттен аса ірі көлемдегі қаржыны 2008 жылы жымқырған. Алайда сот шешімімен олардың 2008 жылға дейін иеленген дүние-мүлкі тәркіленген.

Сонымен, бас прокуратура Бергей Рысқалиевке төрт ЖШС-дағы үлесін, Нұр-Сұлтан, Атырау және Ақтөбедегі үш жер учаскесін, Атыраудағы үйді, сондай-ақ, Алматыдағы жерасты гараждарын қайтаруды сұрап отыр.

Ал Аманжан Рысқалиевке Атыраудағы жер учаскелері мен Ақтөбедегі үйлерді, сонымен қатар, екі ЖШС-дегі үлесін, Бергей Рысқалиевтың әйеліне  Атыраудағы бірнеше тұрғын емес үй-жайды, сонымен қатар бірнеше ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлестің жартысын, Аманжан Рысқалиевтің әйеліне  Атырау қаласының орталығындағы 2 пәтер мен жер учаскелерін қайтаруды сұрап отыр.

Рысқалиевтермен бірге сотқа тартылған Рүстем Әлбақасовтың әйеліне - Нұр-Сұлтан мен Ақтөбедегі бес жер учаскесін, Алматыдағы жерасты паркингін, Ақтөбедегі үй мен тұрғын үй-жайларды; Ерболат Ізбасардың әйеліне - Атырау мен Ақтөбедегі жер учаскелері мен пәтерлерді, үш банктің шотындағы тыйым салынған ақшаның жартысын, сондай-ақ 9 ЖШС-дегі үлесін қайтаруды сұрады.

"Ақ Жайықтың" жазуынша, бас прокурор Андорра князьдігіндегі 13 миллион 602 мың АҚШ доллары сомасындағы банк шоттарына салынған тыйымды жоюды сұраған. Бұл ақша Сергей Рысқалиевқа қатысты компанияларға тиесілі, ал ол «Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы» бойынша қылмыстық жауапқа тартылмады.

Бергей Рысқалиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттің 72 миллиард теңгесін жымқырды деп айыпталған. Былтырғы жылдың 25 қаңтарында Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қашқындағы экс-әкім Бергей Рысқалиевті 17 жылға, Аманжан Рысқали мен Рүстем Әлбақасовті 16 жылға, Айбат Сүлейменов, Ерболат Ізбасар мен Нұрлан Жұлмағамбетовті 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Сонымен қатар Мұрат Желдібаев – 8 жыл, Артем Даневич 6 жыл жарымға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім бойынша, барлық айыпталушының дүние-мүлкін тәркіленген.

Жоғарғы сот бас прокурордың наразылығын 23 маусым күні қарайды.

Қызығы, бас прокуратура былтыр қыркүйекте ғана Б.Рысқалиевтің шетелдегі шоттарынан 13 миллион долларды таптық, ақшаны бұғаттадық, енді оны мемлекетке қайтару мәселесін шешеміз деп мәлімдеген. Енді сол ақшаны экс-әкімге қайтаруды өздері сұрап отыр.

Сот  үкімімен 185 нысан, оның ішінде 50 пәтер, 44 жер учаскесі мен банк шоттарындағы ақша тәркіленді.

Енді бас прокуратура шетелде өздері әшкерелеп, тәркілеген ақшаға дейін Рысқалиевтерге қайтарып беруді сұрап отыр.

 

Байланысты жаналықтар

Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

24.04.2024

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

24.04.2024

Бишімбаев сотта Салтанат өзін «6,5 сағат психологиялық тұрғыда қинады» деп мәлімдеді

24.04.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

24.04.2024

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей трансляция арқылы көрсетіліп жатыр

24.04.2024

Бишімбаевтың анасы таныстырған: Көріпкел сотта куәлік етті

24.04.2024
MalimBlocks
Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

Тараптарға сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беріледі.

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бишімбаев сотта Салтанат өзін «6,5 сағат психологиялық тұрғыда қинады» деп мәлімдеді

Оның айтуынша, Салтанат сондай жағдайға дейін жеткізген...

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасында адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді.

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей трансляция арқылы көрсетіліп жатыр

Күдікті Алматы қаласында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзған.

Бишімбаевтың анасы таныстырған: Көріпкел сотта куәлік етті

Көріпкел өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, сотта жасырын сөйлеуге өтініш білдірді.