Сыр құрылысшылары мен Арал балықшылары Назарбаевқа саулық тіледі

Malim Админ

  • 18.06.2020

Бірінші президенттің коронавируске шалдыққан естіген еліміздің түкпір-түкпіріндегі жұрт Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, саулығын тілеп жатыр.  Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның бұрынғы Балық министрі, мемлекет қайраткері Құдайберген Сержанов Арал өңірінің балықшылары атынан  хат жолдап, амандығын тіледі.

"Халқымыз "Ауру - атанды да шөктірер" деп бекер айтпаса керек. Бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғандай, елімізде әлемді шарлаған індетке шалдығушылар саны тым артып барады. Бүгін Сіздің  де осы вирусты жұқтырғаныңыз туралы жайсыз хабарды естіп отырмыз.  Әрине деннің саулығы, жанның амандығы кімге болса да үлкен олжа. Сондықтан Сіздің де мына індеттен тездетіп сауығып кетуіңізге шын көңілмен тілектестігімізді білдіреміз. Алып жатқан еміңіздің шипасын берсін!" - делінген хатта.

Сонымен қатар Сыр құрылысшылары да елбасына хат жолдап, тезірек сауығуын тіледі.

Сыр құрылысшылары атынан елбасыға хат жолдаған «БАҚ-БЕРЕКЕ» ЖШС директоры Қайрат Ерназаровтың хатында былай делінген:

"Қазіргі таңда елімізде эпидимиологиялық жағдай күрделенуде. Барлығымыз қазақ халқының саулығы үшін алаңдаулымыз. Бүгін БАҚ жарияланған хабар бізді бей-жәй қалдырмады. Еліміздің дамуы үшін Сіздің еңбегіңіз бен үлесіңіз зор. Сарабдал саясатыныңыздың арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз тыныш. Сіз салған сара жол арқылы, халқымыз кез келген қиындықты еңсеретініне сенімім мол! Сізге зор денсаулық, індетті жеңіп шығуға қажырлы қайрат тілеймін!".

Байланысты жаналықтар

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

20.06.2023

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

16.01.2023

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

06.12.2022

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

26.11.2022

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

12.10.2022
MalimBlocks
Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңырдағы резиденциясын сыйға тартты.  

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

Жұрт "Болаттың базары" атап кеткен "Алтын Орда" базарының түпкі иесі Болат Назарбаев екенін былтыр көктемде ресми түрде хабарланған.

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

«Аманат» деген партияның саяси менеджмент атты академиясы (!) бар екен. Сол академияның ішінен  «Жас саясаткер мектебін» ашылыпты

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

Бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі мен ұлықтауы шарасы өтті. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде екінші мәрте ұлықталуы.

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

Елеусізов пен Қосановтың ізбасарлары Жаңа Қазақстанда да көп.