Сіздің денсаулығыңыз туралы ақпарат естіп, көңіліміз құлазып қалды
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Бүгін Сіздің денсаулығыңыз туралы ақпаратты жаңалықтардан естіп, көңіліміз құлазып қалды.
Дегенмен, Сіздің өмір жолыңызда қаншама сынақтар мен қиындықтарды жеңіп шыққандығыңызды білеміз. Мұны да кішкене сынақ деп қабылдаңыз.
Сіздің қолыңыздан Қазақстанның Еңбек Ері атағын алу мен үшін үлкен мақтаныш пен мәртебе болды.
Алдағы уақытта талай рет еліміздің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға осындай мемлекетіміздің жоғары атағын өз қолыңызбен тапсыратындығыңызға сенімдімін!
Халқыңыз, Ақтөбе жұртшылығы Сізбен бірге!
Барлығымыз Сіздің тезірек сауығып, ортамызға оралуыңызды тілейміз!
Біз Сізбен біргеміз!
Қ.Байменова
Қазақстанның Еңбек Ері