"Назарбаев мектебіне келіп, вирус жұқтырыңыз!"

Malim Админ

  • 20.06.2020

Бүгін түстен кейін редакциямызға хабарласып, аты-жөнін сайтта көрсетпеуді сұраған мемлекеттік қызметкер Назарбаев зияткерлік мектебінің алдындағы жағдайдан шошығанын айтып берді.

­­- Баламызды НИШ-тің қабылдау сынағын тапсыруға Хусейн бен Талал көшесіндегі мектепке алып келгенбіз. Вирус таралуы өршіп жатқандықтан сынақ тапсыру күнін өзгертер дегенбіз. Бірақ, олай болмады. Бүгін түстен кейін мектеп ауласына өте көп адам жиналды. Кемі 200-300. Әлеуметтік қашықтықты сақтап жатқан ешкім болмады. Кейбірі маскасыз жүрді. Мектеп әкімшілігі «көп адам жиналуға болмайды» немесе «санитарлық талаптарды сақтаңдар» дегендей құлаққағыс та жасаған жоқ. Бала ата-анасыз келе алмайтынын біледі, күтер жерді, тұрар жерді сызып қойса болады ғой. Сынақ тапсырып шыққан оқушылар қаумалаған адамның ортасына түсіп, ата-анасын іздеуге мәжбүр болды. НИШ , молодец! «Бізге келіп вирус жұқтырыңдар!» дегендей. Басқаша қалай айтуға болады,-деді бізге хабарласқан ата-ана.

 

 

 

 

 

Коронавирус жұқтырушылар барған сайын көбейіп бара жатыр деген үкімет осы сенбі-жексенбіде, яғни, 20-21 маусымда Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы тіршілікке  біраз шектеу қойды. Атап айтқанда, қоғамдық көліктер жүрмеді, ірі сауда, қызмет көрсету орталықтары мен базарлар есіктерін тарс жауып тастады. Саябақтар мен серуен орталықтарында да жүруге болмайды. Дегенмен, індет кезіндегі мұндай қатаң шектеулерге Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі тіпті, мән бермегендей.  Оқырман жолдаған суреттер мен шағын видео осы сөзімізге дәлел.

 

[video width="640" height="352" mp4="http://malim.kz/wp-content/uploads/2020/06/cbcf6032ec7a09bbc3f34e6a8cfc1a23.mp4"][/video]

Байланысты жаналықтар

Республикалық маңызы бар 8 автожолға шектеу қойылды

05.04.2024

Қазақстанның 5 өңірінде көлік қозғалысы шектелді

29.03.2024

Бала өлімі, сотталған мұғалім: НЗМ-дағы жайттарға қатысты Аймағамбетов не деді?

13.12.2021

Ұлттық кардиохирургия орталығы "Назарбаевқа" сыйға берілді

27.04.2021

Жаңа мәлімет: Науқастардың жағдайы ауырлап барады

21.12.2020

Жақсы жаңалық: Коронавирус табылған жоқ

29.11.2020
MalimBlocks
Республикалық маңызы бар 8 автожолға шектеу қойылды

«Қазавтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанның 5 өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Қар көшкіні мен су тасқыны қаупіне байланысты еліміздегі бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бала өлімі, сотталған мұғалім: НЗМ-дағы жайттарға қатысты Аймағамбетов не деді?

Сотталған шетелдік азамат мектепке қалай жұмысқа орналасты? Тергеу әлі жалғасып жатыр.

Ұлттық кардиохирургия орталығы "Назарбаевқа" сыйға берілді

Жаңа мәлімет: Науқастардың жағдайы ауырлап барады

Жақсы жаңалық: Коронавирус табылған жоқ