Құрылысшы Баталовтың облысында құрылысшылар пара алады

Malim Админ

  • 21.06.2020

Алматы облысының шенеуніктері, мемлекеттік қызметкерлері соңғы уақытта жемқорлықпен, парақорлықпен қолға түсіп, айыпталып, күдікке ілініп жатыр. Бір кездері еліміз бойынша жемқорлық ең төмен облыс деп аталатын еді. Қазір ондай сөзді айтуға мұрша жоқ.

Кеше «Талдықорған қаласы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы пара алды деп күдікке ілінді.  Бұл мемлекеттік қызметкер бір құрылыс компаниясының актілеріне қол қойып, бюджеттен ақша аудару жұмыстарын тездетуге көмектескен. Бұл хабарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Алматы облысындағы өкілі хабарлады. Және осы агенттіктің Youtube парақшасында барлық видеолар тұр. Біз соңғы бір айда ғана Алматы облысы бойынша жемқорлықпен ұсталған шенеунікттерді санап көрдік. Қазақстан республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Youtube парақшасы еліміздегі біраз жемқорларды көгендеп берген екен.

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің бас маманы пара алды деп күдікке ілініп, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бұл екі мемлекеттік қызметкер «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 60 пәтерлі 2 үйдің құрылысын жүргізіп отырған компания өкілінен пара алған. Солардың бір ісіне «көмектескен».

Алматы облысы Қапшағай қаласының мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы да бір пара алды деп күдікке ілінді. Ол бір кәсіпкердің салықтан жалтарғанын «қолдау» үшін, жемқорлыққа барған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары да орындалмаған жұмыстың актілеріне қол қойып, мемлекеттің ақшасын ЖШС-ға аударуға жол ашу үшін пара алып, ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Алматы облысы ветеринарлық инспекция басшысы бас маманды парамен жұмысқа алғаны үшін ұсталып, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұлардың алдында ғана Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары сыбайлас жемқорлыққа барды деп күдікке ілінген.

Қазір әкім орынбасары мен ЖШС өкіліне байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Олар «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы соммасы 660 млн теңге болатын 2 құрылыс жұмысын істеуге көмектесіп, 33 млн теңге жуық пара алды деп айыпталды.

Бұлар қолға түскен парақорлар. Ал жалтарып, ұсталмай кеткендері қаншама. Және бұл көрсеткіш Алматы облысында жылдың соңына дейін қандай көрсеткішке жетеді?

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өзі – құрылысшы. Мына тізімге қарасаңыздар соңы бір айдағы жемқорлықтың тоқсан бес пайызы құрылыс саласында. Бұл нені білдіреді?

Естеріңізде болса, былтыр "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға өзгерістер еніп, басшылардың қызметкерлер үшін жауапкершілігі заңнамалық тұрғыда бекітілген болатын. Яғни, қызметкері пара алса, бірінші басшысы жауап береді. Алматы облысының құрылысын саласындағы жемқорлыққа (жалпы облыстың әр саласындағы) Баталов жауап бере ме?

Байланысты жаналықтар

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

27.03.2024

Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы 6 жылға сотталды

13.03.2024

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

12.03.2024

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі не үшін ұсталғаны белгілі болды

06.03.2024

Мырзахметовтің ісі бойынша сот процесі басталды

22.01.2024
MalimBlocks
Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы 6 жылға сотталды

Ол мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

Жаттықтырушылар 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі не үшін ұсталғаны белгілі болды

Ерлан Қожағапанов ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Мырзахметовтің ісі бойынша сот процесі басталды

“Атамекен” ұлтттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты сот отырысы басталды. Бұл істі қарап жатқан прокурор Бауыржан Шекенов сотты жабық режимде өткізуге өтініш берген.