Гүлнәр Салықбай. Шуақты едің, қайда кеттің, жарығым…

Жақсы көретін бауырың жайлы өткен шақта жазған қандай ауыр…
Ол кезде "Қазақстан" Ұлттық арнасының бас редакторы болғандықтан "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларын қадағалап отыратынмын. Жағдайын айтып, жəрдем сұрап, бағдарламаға хабарласушыларда есеп жоқ еді… Бейсен бастаған қыз-жігіттер солардың бəріне қол ұшын беруге тырысатын. Арнайы хабар жасаудың реті келмесе, кейбір адамдарға Бейсеннің өзі көмектесіп жіберетін.
Ол жай ғана көп жүргізушінің бірі емес, халықтың сеніп, сырын айтатын, арқасүйер азаматы еді… Алматы мен Талдықорғанның арасында бір өзі бір министрліктің жұмысын атқарып, шапқылап жүріп, қанша адамға қамқорлық жасады екен…
Былтыр көктемде “Қарекет" тоқтатылғанда Алматыдағы Ұлттық арна ғимаратына қиналып, көмек сұрап, Бейсенді іздеп келген жұртты жұбатар сөз таппай қиналдық...
Ең соңғы рет былтыр жазда Талдықорғанда өткен "Жетісу" арнасының мерейтойында кездесіппіз. Арасында екеуміз хал сұрасып, "Қарекетті" ары қарай жалғастыру туралы сөйлестік. Бейсен: "Апай, аздап сырқатттанып жүрмін. Алдымен тəуір боп алайын, сосын хабарласам сізге. Тез жазылуға уəде берем!”, - деп еді күліп. Өмірінде орындай алмай қалған уəдесі осы ғана шығар…
Кабинетіме: "Апаай!", - деп жарқ етіп кіріп келіп, жасы кіші болса да жанымды демеп, еркелетіп кетуші еді...
Бір өзі бір қауым ел еді...
Бүгін қырқы екен...
Жаны жаннатта болғай...
Анасының иманы саламат болсын...
***
Күн жылады, тұнжырады Ай налып,
Шың жылады қара түнге байланып.
Ақша бұлтқа сіңіп кеттің аңқылдап,
Жаның құсқа, тəнің қысқа айналып.
Тəуірі едің, бауыры едің бəрінің,
Дəуірі едің намысы мен арының.
Күннің кенже баласындай жердегі
Шуақты едің,
Қайда кеттің, жарығым…
Жылағанды жүруші ең ғой жұбатып...
Бұ ғаламды неге кеттің жылатып?..
Көктемменен қол ұстасып жүрсің бе
Мəңгіліктің ұлы бағын ұнатып...
Адамдардың арасында Бір едің,
Қассыз едің, тассыз едің, нұр едің.
Мейірімнің астанасы еді ғой
Қара жерге қалай сыйды жүрегің...
Ақынның фейсбук парақшасынан алынды


Аналитика
|
26.06.2025 13:28
2025-06-26 13:28:00
Ең көп оқылған
Қазақстандағы жаңа ұлт: орыстілді қазақ пен қазақтың арасы алшақтап бара ма?
Политика
|
26.06.2025 13:28
2025-06-26 13:28:00
Адам өлтіріп, мәйітті өзенге тастағандар сотталды
Политика
|
25.06.2025 14:30
2025-06-25 14:30:00
Қазіргі балалар түсінбейтін 10 зат
Политика
|
25.06.2025 11:55
2025-06-25 11:55:00
Аббас Аракчи: Иран ядролық бағдарламадан бас тартпайды
Политика
|
25.06.2025 07:00
2025-06-25 07:00:00
Тоқаев алдағы күндері Беларусь еліне барады
Политика
|
25.06.2025 20:20
2025-06-25 20:20:00
Трамп: «Америка дауысы» радиостанциясы жұмысын тоқтатуы тиіс
Политика
|
26.06.2025 12:10
2025-06-26 12:10:00
«Жүрегім қиналып отыр». Наркенже Серікбаева оқырмандарына жазба арнады
Политика
|
26.06.2025 16:38
2025-06-26 16:38:00
