Айгүл Орынбек әкімнің Алғыс хатын қоқысқа тастады

Malim Админ

  • 26.06.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі блогер Айгүл ОРЫНБЕК Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатын қоқысқа тастады. Мұрат ӘЙТЕНОВ Айгүл Орынбекті ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күнімен құттықтаған екен.

«Ақпарат майданында халықтың үнін жеткізу үшін, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуға барынша жүгіріп жүремін! Ешкімге міндетсінбей жасаған істерім үшін, ешкімнен әр бір ісіме өтем ақы немесе алғыс сұрамағам!
Ең бастысы елімнің тыныштығы, халқымның амандығы деген ұранмен жүрдім!
Халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, азаматтық көзі ашық қоғам құру ниетім еді!
Ниетімнің, болашаққа деген үмітімнің күл талқанын шығардыңдар!
Тек мерекеде алғыс айтып, қалған уақытта адамға қоқыс ретінде қарап, шырылдатып үніңді тыңдамай жатқан әкімдіктен не үшін алғыс алуым керек? “Қоғамға үлесіңізді қосып жатқаныңызды білеміз”- деп жазыпты, көрдім көріп отырғандарыңызды, іспен дәлелдедіңіздер! “Дамыған мемлекетпіз, біз де бәрі керемет, біз біргеміз”- деп өтірік ұрандаудың керегі не, адам өмірін сақтап қалуға қолдан келгенін жасай алмай жатқан да?

Халық ештеңеге кінәлі емес! Мемлекет әрбір ауырған азаматының жағдайын жасауға міндетті!
Халықты қоқысқа лақтырғандай лақтырып тастап жатқан кезеңде, сіздердің алғыс хаттарыңыздың да орны қоқыста! Қаржылай сыйлықтарыңа рахмет, ауруханаға қосқан үлесім болсын! Бейшара елдің ауруханаларына дәрі-дәрмек алыңдар! Маған қарапайым халықтың алғысы жетеді!», - деп жазды Айгүл Орынбек фейсбук парақшасында.

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды