Бәріміз бір-біріміз үшін жауаптымыз

Malim Админ

  • 03.07.2020

Қоғам белсендісі, «Волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы Айсұлу Ерниязова карантинді қатаңдату шаралары туралы пікір білдірді

«Тағы да жауыр болған тақырыпқа оралайық. Президент карантинді қатаңдату шараларын әзірлеуді тапсырды. Өйткені, елімізде төтенше жағдай мен карантин түсініктерінің айырмашылығын, бірін алғанымен, екіншісі қалғанын түсінгендер аз болды. Әрине, барлығы шаршады, мұны жақсы түсінемін. Кей адамдар бірден қыдыруды бастады. Адамдар жаппай көз жұма бастаған соң ғана есімізді жиғандай болдық», - деп жазды қоғам белсендісі Instagram желісінде. Спикер әкімдерге жасалған сөгіс пен ескертудің баршамызға қатысты екенін айтты. «Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдерге ескерту мен сөгіс жариялады, өйткені олар – халық үшін жауапты тұлғалар. Бірақ бұл – баршамызға арналған ескерту. Сонымен бірге бізге жасалған қамқорлық! Сондықтан да, шектеулерді күшейту шараларына түсіністікпен қараған жөн. Бұл – біздің өз денсаулығымызға және айналамыздағы адамдарға салғырт қарамауымыз үшін қажетті шаралар. Барлық мәселелердің шешімі бар, ең бастысы #Birgemiz және осылай ғана жеңіске жетеміз. Бәріміз бір-біріміз үшін жауаптымыз», - дейді Айсұлу Ерниязова.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks