Еріктілер дәрігерлердің балаларына тегін тіл үйретеді

Malim Админ

  • 10.07.2020

Коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің балалары ағылшын тілін тегін үйренетін болады. Олар «Teaching for heroes» қайрымдылық бастамасы арқылы білім алады. Қызығы, бұл бастаманың авторы оқушы Илья КАН. Илья жоғарғы сыныпта оқиды.

«Пандемия басталғанда елге оралдық. Сол кезде Алматыда екі апта карантинде жаттық. Мен АҚШ-та екі жылдан бері Milton Academy мектебінде білім алып жатырмын. Карантинде жатқанда Ақмарал есімді мейірбикемен таныстым. Өз жұмысын кәсіби атқаратын ақжарқын жан. Біз жақсы тіл табысып кеттік. Ол өзінің баласы жайлы айтатын. Болашақта ұлының ағылшын тілінде сөйлейтінін армандайтын. Маған сол кезде неге медициналық қызметкерлердің ұл-қыздарын онлайн оқытпасқа деген ой келді», - дейді ерікті Илья КАН.

Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда бүгінгі күні 54 747 мың адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. 31815 мың адам суықса, 264 адам өкінішке қарай көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бұл індетке қарсы 20 мыңнан аса медициналық қызметкер еңбек етіп жатыр. Олардың арасында отбасын көрмей күндіз-түні науқастардың өмірі үшін күресіп жатқандар қанша ма.

Онлайн курсқа жазылған Айбар ЖОЛЖАҚСЫ анасының қарапайым фельдшер екенін айтады. Пандемия басталғалы анасын сирек көреді. Наурыз айында елімізде төтенше жағдай жарияланғанда Айбар ағылшын курсын тоқтатып алған екен. Енді оқуын қайта жалғастырмақ.

«Биыл ғана жоғарғы сыныпқа ауысқанмын. Биыл тоғызды аяқтадым. Жасыратыны жоқ тоғызыншы сыныпта ағылшын курсына қосымша жазылдым. Алда жоғарғы оқу орнына түсу керек дегендей. Алайда, төтенше жағдай жарияланғанда онлайн тек сабақ оқудың ғана реті келді. Қазір волонтерлардан ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Ұстаздарымыз өзімізбен қатар балалар. 2-3 жас қана үлкендіктері бар. Содан болар оқуымда ілгереу бар. Сөйлесіп отырып күнде жаңа сөз үйренесің. Әрі сабақ қызықты өтеді», - дейді Айбар.

Айтпақшы, оқушы Ильяның бастамасына шетелде білім алатын студенттермен қатар өз елімізде де білім жетілдіріп жүрген студенттер үн қатыпты. Тәлімгерлер үйге тапсырманы коронавирусқа қатысты алады екен. Олар әлемдегі ахуалды білу үшін тұстас ұстаздарының айтуымен әлемдік БАҚ-дан COVID-19 инфекциясы жайлы ақпараттарды жинайды.

Алматылық Илья Канның бастамасын бас-аяғы 450 волонтер қолдап отыр. Олардың барлығында IELTS  және TOEFL серитификаты бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың тамыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қазақ-ресей жастарының форумында 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялайтынын мәлімдеген еді.

Ербол МҰХАМЕТАЛИН

Фото: iagorod.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады