Цой коронавируспен емес, журналистермен күреспек пе?
Бүгін премьер-министр Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ баяндама жасады. Министрдің сөзінен байқағанымыз Цой мырза тек қана коронавируспен ғана емес, журналистер мен әлеуметтік желіге де күрес ашпақшы сияқты.
Ведомства басшысы БАҚ пен әлеуметтік желіде «негатив» материалдарды 10 пайызға азайту керек дейді.
«COVID-19 вирусымен күресте ақпараттық-түсіндіру жұмысының нәтижелі болуы үшін жасалып жатқан шаралардың халық хабардар болуы керек», - деді министр Цой.
Сондай-ақ, әкімдіктер індетке қарсы түрлі ақпараттарды дәстүрлі және интернет басылымдар мен телеарналарға дайындау керек. Апта сайын әкімдер баспасөз мәслихатын өткізуі тиіс. Және әкімдіктер әлеуметтік желіде халыққа түсіндіру постар жазып, сұрақтарға жауап беріп отыру тиіс. Бұндай ұсыныспен қоса денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық алаңға мониторинг жүргізіп отырмақшы екен.
Фото: tengrinews.kz