"Облыс әкімінің қауіпсіздігін ойламасақ біз кімбіз?"

Malim Админ

  • 16.07.2020

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА әлеуметтік желінің «жұлдызына» айналды. Жаңақорғандық тұрғын Сандуғаш ТҰРЛЫБЕКОВА:  «Әкім Әбдіқалықова, сіз ханның қызысыз ба? Неге көшені жаптырасыз» деген еді.

Жаңақорғанға жұмыс сапарымен барған әкім артынша көшені жаптырған адамды лезде тапқанын жария етті. Ол – учаскілік полиция екен. Қазір әлеуметтік желіде көпшілік әкім ханымды сынның астына алып жатыр. Араша түсіп жатқандар да жоқ емес. Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан МАҚАШЕВ басшысына араша түсті.

«Жоғарыдағы туындаған мәселеге байланысты түсініктеме. Біріншіден облыс әкімі әрдайым ауданға сапары кезінде, маған артықшылық жасап, тұрғындардың жүріс тұрысына кедергі келтірмейік, жолдар жабылмасын деп үнемі тапсырып жүр. Сол себепті республикалық маңыздағы жолмен ілесіп жүрген жол патрульдік автокөлікті де елді мекен шекарасынан тысқа қалдырып кетеді. Екіншіден облыс әкімі маршруттары бойында менің немесе аудан әкімінің аппаратынан көшелерді жабу туралы полицияға тапсырма берілген жоқ. Көшелерде көліктермен қатарласып жол ережелеріне сәйкес жүрді. Мен облыс басшысымен бірге аудандық аурухана алдындағы жалпы тұраққа тоқтадық. Аурухана ішінде жүрген сәтте, сол
аумақтың учаскілік инспекторы, ауруханаға жақын көше қиылысында қоғамдық газель автокөлігін тоқтатқан, көше жабық емес, басқа көліктер жүріп жатыр. Сол сәтте полиция бөлімі басшысының орынбасары,учаскілік инспекторына көлікті неге тоқтатасың, қозғалысты тоқтатпаңдар деп рация арқылы тапсырма берген, бірақ ол тапсырма орындалмаған.

Бір жағынан, инспектордың айтуы бойынша, мен облыс әкімінің көлігі аурухана алдынан қозғалайын деп тұрған сияқты болғасын, өткізіп жібергенше тоқтата тұрайын, кептеліс болып қалар деп шештім деп отыр.
Көше қозғалысының қауіпсіздігі олардың да міндеті. Ешкімге жасырын емес, тал түсте ереже бұзып ұйтқып жүрген, жүгенсіз жүргізушілер де аз емес. Облыс басшысының қауіпсіз шығып кетуін ойлаған шығар. Қалай болғанда да көшелердің жабылмағаны анық.
Үшіншіден екі- үш айда бір келетін аймақ басшысын көшені жаппасақ та, тоқтаған жерінен қауіпсіз жолға шығарып жібере алмасақ біздің кім болғанымыз. Онсыз да полицияның күнделікті сол қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек емес па.

Бүгінгі қалыптасқан эпидақуалға байланысты, әкім провизордағы әр науқаспен сөйлесіп, жағдайларын біліп, ауданға алынып жатқан құрылғылар мен дәрі дәрмектер туралы хабардар етіп, науқастарға қолдау білдіруге келген сапарына сәттілік тілеуіміз керек, ел қолдамаса, мүмкіндік бермесе, тек қалай аяғынан шаламыз десек, оның болашағына балта шабу, керісінше кішкене қолдау білдіріп, өзінің ойларын іске асыру ушін, ел болып қолдайық. Мен елге адал қызмет етіп жүрмін деп ойлаймын, басшымыз да барлығынан осы адалдықты талап етіп отыр. Елдің, басшының,президентіміздің талабына сәйкес болмасам, мен осы лауазымдағы креслома жабысып отырғаным жоқ. Президент айтқандай, өз басыңның емес, елдің пайдасына шешім қабылдауға әр кез дайынмын. Сондықтан, ағайын болған нәрсеге түсіністікпен қарауларыңызды, артық айтқан болсам, алдын ала кешірім сұраймын», - деп  комент қалдырды аудан әкімі

Фото: facebook.com

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

27.03.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

26.03.2024

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

25.03.2024

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

24.03.2024

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты

23.03.2024
MalimBlocks
Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Қазақ спортшылары олимпиадаға жолдаманы Тблисиде өткен әлем кубогінде жеңіп алды.

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

Халықаралық жарыс Литваның Кунас қаласында өткен. Турнир боксшы әрі тренер Альгирдас Шоцикас құрметіне ұйымдастырылған.

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты