Есенғали Раушанов: "Тоқаев Назарбаев емес"

Malim Админ

  • 20.07.2020

Қазір елі іші мазасызданып, көңіл-күй бұзылып тұр. Үйден аттап басуға жүрексініп, қаланы еркін аралай алмай қалдық. Билік те, халық та абдырып қалғандай. Осындай уақытта ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қойылар талап ерекше. Халық талап қойып жатқанда, президентке демеу сөз де керек болған сияқты. Соңғы уақытта қазақ ақын-жазушылары «Тоқаевтың жанына тоқайласайық!» деп ұран тастап жүр. Белгілі ақын Светқали Нұржан: «БІЗ БІРЖҮРЕКТІЛІКПЕН ҒАНА ЖЕҢЕМІЗ!» дейді.

[caption id="attachment_5785" align="alignleft" width="300"] Светқали Нұржан[/caption]

«Бүгін елбасшысы Қ-Ж.К.Тоқаев тиісті орындарға: "Жандарың шығып кетсе де тәжвирус пен пневмонияның статистикасын біріктіріңдер!" - деп пәрмен беріпті. Міне, бұл Жаңа Биліктен біз күткен жақсы жаңалық... Шындыққа шімірікпей қараған басшы ғана қиындықты еңсере алады.

Менің білуімше, Тоқаев - қолы таза адам. Жаны, Ары таза, Антына адал адамдардың ғана қолы таза болады! Осынша батпақты кешіп жүріп, ділін, қолын былғамаған сондай адамның бізге Басшы болып келуінің өзі қазаққа Алла-Тағаланың оң назарын салғанының басы деп білем. Кім не десе, о десін, бұл менің өз пайымым! Менің де ешкімге жағынып, тіленіп өмір өткізбегенімді елім, тіпті болмаса, Жаратушы Ием біледі! Бұрыннан сіресіп тоңған тоң мен сыңысып қалған сеңді қозғау оңай емес. Бұл нарды жығып, пілді бүгіп кетерлік аса ауыр іс! Одан елдің бірлігі мен ердің тірлігі ғана құтқарады. Сол жолда мынау тығырық хәлді, ел көңілінің алаңын, қоғамның ауанын пайдаланып арзан атақ алып қалуға ұмтылуды тоқтатқанымыз жөн! Әр жерден әулікпей, жүмілаға төнген қасіретті Алланың сынағы, тіпті керексе, бізді тәубеге шақырған МЕЙІРІМІ деп қабылдап, ниетімізді түзейік! Дұғамызды дуалы ауыздан шығарайық! Біржүректілікке жетсек, біз жеңбейтін індет жоқ. Бұл - бұрынғы дін де, бүгінгі ғылым да дәлелдеп отырған ақиқат! Сондықтан қиын да сындарлы кезеңде ел болып елбасшысына жәрдемдесейік! Тоқаевтың жанында тоқайласайық! Санамды сан сапырып менің тапқан ақылым - осы!.».

Ал ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов «Тоқав Назарбаев та емес, Сталин де емес, Тоқаев болу керек» деген  пікір айтыпты.

«Ай­таққа еріп, айнала шауып, ойқас­тап кеткен кезін де көрген жоқпыз. Шы­нымызды айталықшы, Қазақ­станның жаңа тарихында билікке араласқандардың арасында жаман істерден бойын аулақ ұстап, арын таза сақтап қала алғандар көп пе? Қай басшыға таза адам деп мінездеме бере алар едіңіз? Біздің биліктегілер ұят иман, обал сауап иммунитетінен аластайтын пандемияға шырмалғалы қай заман?! Сол қара тасқынға тосқын қойылар кез жеткенін халық біліп отыр. Наразылықтың, әсіресе соңғы кезде қатты өршіп кеткені де содан. Ел сең қозғалғанын сезді, бұған енді бөгдедей бө­гет, тос­қауыл жоқ. Тек алға жүру ғана бар. Президентіміз ма­ңын­­да­ғы­лардан өз бойындағы таза­лық­ты, өз бойындағы зия­лылықты, білім­паздықты, мәдениетті талап ететіні көрініп тұр. Оған қар­сылар көп болатыны да содан. Тазарту дегеніміз – жаңадан жасап шыққаннан да гөрі қиямет жұмыс, дейді Шығыс мәтелі. Ол рас. Одан гөрі бәрін көлдеңдетіп белінен бір-ақ сызып қайта бастау оңай шығар, бірақ бұл әдіс біздің елде жүрмейді.

Ілекең, Ілияс Жансүгіров ке­зін­де:

Халқыңның сырын өзің білесің де,

Ісіне күйесің де, күлесің де,

Қаласың кейде ренжіп, кейде мәз боп,

Әйтеуір, сол халықты сүйесің де, –

дегенде осының бәрін басынан өткерген соң жазған. Асылы, бұл дүниеде жаңа ешнәрсе жоқ деген дұрыс сөз. Біздің зиялылардың ұстанымдары, дүниетанымы, қа­лып­тасу принциптері басқаша болып келді. Кейбі­реу­лердің Пре­зи­дентімізге «Сталин бол!», «Назарбаев бол!» деп теп-тегін ақыл­дарын тепе-тең үлестіріп жүр­гендерін көзіміз көріп отыр. Еш­қашан ешкімге разы болмайтын енді бір топ сол баяғы керауыздыққа салып атқарылған орасан көп жұ­мыстардың бәрін де жоққа шы­ғаруда. Әлбетте, кім болу, қай жол­ды ұстану Президенттің өзі шеше­тін мәселе. Менің ойымша, ол Сталин де емес, басқа да емес, Тоқаев болуы керек. Себебі елге жаңа леп керек. Жаңа көзқарас керек. Таза ауа керек!

Мына індет көп нәрсенің бетін ашты, кім екенімізді, жаңаның жанталаса жұмыс істегенмен жақсы нәтижелерге қол жеткізудің қиындығын көрсетті. Бірақ елде ауызбіршілік бар. Ең басты жеңі­сіміз осы болса керек. Қазақ дәрігерлер әлемі бұрын-соңды мұндай сынды басынан кешірген жоқ. Шан шараф, ізет үрмет оларға! Олар халықты қалай сыйласа, халық та, Президентіміз де оларды солай құрметтеуде. Осы сапарда жан тапсырғандарды ақ шейіт деп бағалайық және бұл дәстүр әрі қарай жалғасын табатынына сенеміз. Халықты қолы да, жолы да лас адамдар басқара алмайды, басқарам деген күннің өзінде ондай биліктің түптің түбінде берекесі кететінін ел көріп отыр...

Қазір әркім әр жаққа тартпай Президен­тіміздің маңына топтасып жұмыс істеуіміз керек. Ол екі қарпып, бірін өзіне алып қалатын адам­ға мүлде ұқсамайды. Біз бағын­сақ, таза­лыққа бағынамыз.

Бұл бізді толғандырып жүрген мәселелердің бір парасы ғана. Көңіл жеткен жерлерге өмір жеткей, әлі талай айтатын боламыз. Бізде Қазақстаннан басқа Отан жоқ. Оны меншіктеп алуға ешкімнің хақысы жоқ. Ол қазақтың ортақ байлығы.

Біз жаңа басшылықтан Мұхтар Әуезовтің тілімен айтсақ, жыл келгендей жаңалық күтеміз және осы жолда қолдан келген көмегімізді аямаймыз».

[caption id="attachment_5786" align="alignleft" width="300"] Роза Мұқанова президент қабылдауында[/caption]

Драматург-жазушы Роза Мұқанова бұл қиын кезеңде Тоқаевпен бірігіп қана жеңе аламыз дейді: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әр қазақ – ме­нің жалғызым» дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады» деген сөзі  қолқамызды қарып өтті. Шынын айтсам,  жанарыма жас келді.  Халықтың басына қара бұлт үйірілген мынау тажалға шырылдап ара түскен дәрігерлерді, ат үстіндегі азаматтардың еңбегін, ақырында осы індетке өздері ілігіп кеткен арыстай азаматтарымызды ойлағанда жаныңды қоярға жер таппайсың. Қиын... Бірақ сол қиындықты жеңетін сабырды, бірлікті айтты Президент. Бірігіп қана жеңе алатынымызды айтты. Дәл осы қасіретті от жа­ғып ойнағысы, саяси саудаға айналдырғысы келетіндер де аз емес. Бұл нәубеттен де оңай олжа, оңай ұпай жинап «аңқау елге – арамза молда» болғысы келетіндер де бар... Талай сынақты бастан кешкен қазақ халқы бұл сыннан да мүдірмей өтер. Өз ба­сым елімнің амандығын тіледім. Елге қорған болып, толарсақтан саз кешкен аза­маттарға амандық тілеймін.  Бұл қиындықтан да Алла қаласа, құтылатын күн алыс емес шығар».

Ал «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат «БІЗ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІМПАЗ БОЛАМЫЗ!» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне тамсанып, Қандай рухты сөз» деп баға берді. Н. Назарбаев коронавирустан айығып шыққанда оның алдында ғана БАҚ саласындағы президент сыйлығын алған Дәурен Қуат: «Өмірінде әртүрлі қиындықтарға кездесіп жүретін, бір кереметі, жолында кездескен қандай қиындықты болмасын артқа тастап кете беретін рухы биік, жүрегі жалынды, қайсар жаратылыс иесі болады. Ол туралы айтқанда жұрт: «Жолы болғыш жан», «киімшең туған», т.б. деп жатады. Расында ол адамның әмсе жолы болғыш па, әлде «киімшең туған» ба, белгісіз, бірақ үнемі алдына үлкен мақсат қойып үйренген жігерлі тұлға барлық күресте де жеңіске жетіп отыратын сияқты. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев коронавирус инфекциясын жеңіп шыққанын жария етті! Сексен жастың сеңгіріне шығып жатқан күрескер тұлғаның, Түркия Республикасының президенті Ердоған айтпақшы, «бүкіл түркі жұртының ақсақалы» – Назарбаевтың қатерлі індетке бой бермей аяғына тұрып кетуі, аяғына тұрып қана қоймай, «қызметіме кірісемін» деп құлшынуы үш-төрт күннен бері тер буып, әлсіреп, көңіліне алаң кіріп жүрген біз пақырды серпілтіп жіберді.

Бүгінгі Үндеуінде Елбасы коронавиурстан айығып кетуіне тілеулестігін білдіріп қоңырау шалған, жеделхат жолдаған мемлекет басшыларына, бұрынғы әріптестеріне, ұлт зиялыларына, әйгілі спортшыларға, барша жанашыр достарына, халыққа рахмет айта келіп, денсаулықсақтау саласының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Бүгінгі майданның ақ халатты ардагерлері туралы Елбасы:

«Біз өткеріп жатқан күрделі кезең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын сағат. Сырқатпен күрестің ең алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер адамдарды аман алып қалу үшін барлық күшін жұмсауда. Бұл ретте медицина қызметкерлерінің еңбегіне баға жетпейді – мұны қазіргі уақыт айқын көрсетіп отыр. Болашақта да отандық денсаулық сақтау саласына баса көңіл аударып, оны дамытуға қажетті қаржылық және материалдық ресурстар бөлу керек. Осы орайлы сәтте еліміздің медицина қызметкерлеріне ерекше ризашылығымды білдіремін», – деді.

[caption id="attachment_5787" align="alignleft" width="300"] Дәурен Қуат[/caption]

«Естеріңізде болар, тәуелсіздіктің бастапқы жылдары менің шешіміммен арнаулы Ұлттық қор құрылып, алтын-валюта резерві жасалды. Бұл бізге әлемдік екі бірдей дағдарысты жеңіп шығуға септігін тигізді және сол қаражат қазір Үкіметке пандемияға қарсы ауқымды жұмыс пен тұрмысы төмендерге қолдау көрсету барысында көмегін тигізуде. Егер алдағы уақытта оны ақылмен, үнемдеп пайдалана білсек, өзге сын-қатерлерді де тиімді еңсере аламыз», – деп Ұлттық қор мен алтын-валюта резервінің көмегі сарқылмайтынын айтып, көңілімізді бір демдеді.

Қызметіне қауырт кіріскелі отырған Елбасы Мемлекет басшысы Тоқаев пен Үкіметтің пандемия кезіндегі жұмысына оң баға бере келіп, «Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз», – деді.

«Біз тағы да жеңімпаз боламыз!» Қандай рухты сөз! Осындай сөзбен қайралған жан қашанда жеңімпаз болатын шығар. Жеңімпаз болайық бәріміз!», – деп, қуанышын бөлісті.

«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт та Тоқаевты қолдаған жөн деп есептейді.

«Мамыр айының ортасына таман еліміздегі төтенше жағдай ре­жімі аяқталғанда Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жағдаяттарды таразы­ла­ды. Коронавирус пандемиясы әлемдік рецессияның басталуына себеп болды. Тіпті ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін. Тұтас салалар тоқырауға ұшырап жатыр. Төрт жүз миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр. Дүние жүзіндегі ең­бек­ке жарамды халықтың жар­ты­сына жуығының табысы тоқы­рады. Сарапшылар жаһан эко­номикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге төмен түсе­ті­нін болжап отыр... Міне, шым-шытырық, шытырман соғыс – мылтықсыз майдан емей, немене.

Сол жиында Президентіміз ел алдындағы міндеттерді ерек­ше­­леді. Талдады. «Қаржы ре­зер­ві жеткілікті және мемлекет қа­рызының көлемі мүмкін­ді­гі­міз­ге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұ­мыс­пен қамтамасыз ету және эко­но­микалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда, қа­лай жұм­сау керектігін білеміз», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Ха­лық­­тың өмірі мен денсаулығын сақтау, азаматтардың табысын арт­тыру, бизнесті қолдау, білім мен ғылым жүйесін жетілдіру жол­дарын саралады. Дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі да­му­дың басымдықтарын даралады.

Одан кейін де Президентіміз бірнеше мәрте мәніске толы мә­лім­­демелерін жариялады. Ха­лық­­қа қолдау көрсетудің жолда­рын жүйеледі. Сөз бен істің бір­лі­гіне жетудің тапсырмаларын нақ­ты­лады. Тікелей өзі бақы­лау­ға алды. Жалпы, азаматтар мен биз­нес­ті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай кө­мек көрсетілді. 1 миллионнан аса азаматқа азық-түлік пен тұр­мыс­тық заттар үлестірілді.

«Халықсыз экономика бол­май­­­ды, ешкім де мемлекет­тің наза­рынан тыс қалмайды. Ден­сау­лық сақтау мен білім беру сала­­ларын, мемлекеттік бас­қа­ру­ды түбегейлі өзгертеміз», деді Президент. «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұ­жы­рымдамасын жүзеге асы­ру­дағы қадамдар аса құп­тар­лық. Бейбіт жиналыстар туралы заң қа­былдауды да Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Тоқаев­тың тікелей өзі ұсынды ғой.

[caption id="attachment_5788" align="alignleft" width="300"] Мархабат Байғұт[/caption]

Айтып та айтпай не керек-ай, 2019 жылғы Әз Наурыздың ертесіне Президент ретінде Түркістанға алғаш келген Қасым-Жомарт Кемелұлы сабақтастық, әді­леттілік, ілгерілеу туралы ізг­­і­лік ұстанымдарын тұңғыш мәр­те мә­лімдеген еді. Сол сөзін іспен дә­лелдеп келеді, аға­йындар. Бү­гін­де Түркі ел – Түр­кі­лер төрі Түр­кістан шаһары бір кездегі Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан сияқ­ты ай сайын ажарлана түсуде. Сәл көрмесеңіз, танымай қаласыз. Аллаға шүкір, Тәуел­сіз­дікке тәубе, Арыс апа­тының алапаттары жылға жетпей жөнге келді. Биылғы Мақтааралдағы тасқын зардаптары жойылып, жаңа ауылдар мен жайнаған кенттер көше түзеп, бой көтере бастады. «Нұр-Сұлтан – елдің жүрегі, Түркілер төрі Түркістан – тірегі, шұғылалы Шымкент – реңі» - десетіндер көп қазір», – деп толғанады жазушы.

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

23.03.2024

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

15.03.2024

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

14.03.2024

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

14.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді

11.03.2024

Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

06.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

Президент Елтаңбаға қатысты сыни пікір көп екенін айтты.

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, Қазақстанға қайтарылған.

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді

Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

Ержан Сәденов кезектен тыс аттестаттациялауға дайындық барысы айтты.