Еріктілердің жаңа бастамасы: «Анашым, маска тақтыңыз ба?»

Malim Админ

  • 22.07.2020

«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы жанындағы республикалық еріктілер штабы коронакирус қауіпін ескертетін жаңа челлендж бастады. Қазір бұл ұйымның аясында үш мыңнан астам адам ерікті болып, түрлі бастамаға қатысып жүр екен.

«Заңда кәмелетке толған адам волонтер бола алады деп жазылған. Бірақ жағдай қазір күрделі. Біз 14-15 жастағы бозбалалар мен қыздарды, 60-70 жастағы әжелер мен аталарды көріп отырмыз. Мысалы, ТЖ кезінде біздің екі ересек белсенділер, мамандық бойынша психологтар психологиялық көмек клубын жүргізді. Жұмыс ақысыз өтті. Көптеген адамдарға депрессиямен күресуге көмектесті. Ал біздің жасөспірімдеріміз әртүрлі іс - шаралар, челлендждер мен конкурстар өткізіп, балалардың бос уақытын тиімді өткізулеріне мүмкіндік берді»,- дейді ұйым басшысы Динара Сәдуақасова.

Д. Сәдуақасова «Анашым, маска тақтыңыз ба?» атты бастаманың мақсаты  коронавирстан сақтану, оның алдын алу және дерттің салдарымен түрлі жолдағы күрес дейді.

Бұл еріктілері Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге де көмектесіп көзге түскен. Ал қазіргі төтенше жағдайда Шымкент және Түркістан белсенділері бірігіп, жергілікті аурухана үшін 12 оттегі концентратын сатып алыпты.

Фото: Gustavo Graf/Reuters