"2021 экология жылы болса"

Malim Админ

  • 27.07.2020

"Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысында қоғам қайраткері Арман Хайруллин 2021 жылды Экология жылы етіп жариялауға ұсыныс тастады.

"Атырауда бүгін экологиялық апокалипсис жағдайы орын алып отыр. 90-шы жылдардан бүгінге дейін ауа бассейніне 4 млн тонна уытты зияндылар шығарылған екен. Осының барлығы біздің денсаулығымызға зиян келтіріп отыр. Шақалақтардың шетінеуі және де түрлі потологиялар бойынша алда келе жатырмыз. Менің ұсынысым біздің экология министрлігін құрып берген президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды 2021 жылды Экология жылы деп жарияласа екен. 20 жылда бірде-бір экология жылы жарияланған емес. Қазақстандықтарды осы ұсынысымды қолдауға шақырамын", - деді ол.

Арман Хайруллин атап өткендей, жергілікті жерлерде атқарушы органдармен бірігіп көптеген жобалар жүзеге асырылып жатыр.

"Бүгінгі жиынға қатысушы министр ханым, сіздің де тарапыңыздан бұл ғана емес, басқа да көтеріп жүрген мәселелерімізді қолдауға, қоян-қолтық жұмыс істеуге қатыссаңыз деген тілегіміз бар. Тікелей интерактивті байланыс орнатайық. Экология министрлігі де сенбіліктерді ұйымдастырудан бөлек, келелі үлкен мәселелермен жүйелі түрде айналысуы керек. Ұлттың денсаулығы үшін қауіпті тақырыптармен жүйелі түрде айналысу керек", - деді ол.

Ол атап өткендей, үлкен өндіріс орындарындағы фильтр жүйелерінің жаңа технологиялық үрдістерге көшу тақырыбын әлі де қарастыру керек.

Біздің өсіміміз өзбек ұлтынан осы экологияның кесірінен 3 есеге аз болып отыр. Экология жылы жарияланса, біраз оң шешімдер қабылданады деп ойлаймын, - деді ол.

Дереккөз: baq.kz

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады