Қазақстанда неге әйел әкім жоқ?

Елнұр Бақытқызы

  • 12.02.2020

"Әйелдер күштерінің альянсы" бүгін Алматыда қоғамдағы әйелдердің жағдайы жөніндегі әлеуметтік зерттеуін жария етіп, әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасын таныстырды.

Алматыда жүргізілген әлеуметтік зерттеуді түсіндірген "Қазақстандағы әйелдер күштері" альянсының төрағасы Раушан СӘРСЕМБАЕВАНЫҢ айтуынша, ерлер мен әйелдердің 42 пайызы өз құқықтарынан бейхабар, қандай да бір жағдайда құқықтық көмекті кімнен, қайдан сұрарын білмейді. Зерттеуге қатысқандардың 59 пайызы қоғамда гендерлік дискриминация бар, әйелдерге мансап қууына жол жабық деп есептейді. Ал жасы 45-тен асқан әйелдердің жұмыс тауып кетуі тіпті мұң екен, өйткені жұмыс берушілердің көпшілігі 45-тен жасқан әйелдерді жұмысқа ала бермейді.

"Әйелдердің проблемасын ешкім көтермейді, шешпейді. Неге десеңіз, шешім қабылдайтын орындарда әйелдер аз. Мәселен, Алматы қаласы мәслихатының 35 депутатының жетеуі ғана әйел. Бірақ шешім қабылдайтын орталықтарда гендерлік теңдік болуы керек. Алматы қаласындағы аудандардың бірде-бірін әйел басқармайды, әкімдердің барлығы ер адамдар. Әйелдер атқарушы билікте де аз. Облыс, қалалардың бірде-бірінде әйел әкім жоқ. Үкіметте бір ғана әйел министр бар", - дейді Р.Сәрсембаева.

"Әйелдер күштерінің альянсы" әйелдердің жақсарту жөніндегі жол картасын қабылдап, үкіметке жолдапты. Альянс өкілдері осы жол каратасын орындау барлық мемлекеттік органға  заң жүзінде жүктелсе дейді. Жол картасындағы ұсыныстардың бірінде "жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы орындардың 50 пайызы әйелдерге квотамен берілуі керектігі" айтылған. Баспасөз мәжілісінде "атқарушы билік пен шешім қабылдау орталықтарында әйелдер аз"  деп мәлімдеген альянс  әйелдерге квоталарды неліктен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ғана сұрағаны түсініксіз күйі қалды.

Зерттеуге қатысқан ер адамдардың көпшілігі қоғамдағы әйелдердің жағдайы жақсы, ал тұрмыстық зорлық екі адамның жеке шаруасы деп есептейді. "Дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Зульфия БАЙСАҚОВА тұрмыстық зорлық үшін жауапкершілікті күшейтуді сұрап отыр. "Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізіліп, тұрмыстық зорлық жасаған адам жауапқа тартылмайтын болды. Бірақ тұрмыстық зорлық қасақана жасалатын қылмыс, сондықтан ол үшін жауапкершілікке тарту керек", - дейді ол.

Елнұр Бақытқызы.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды