Біртановтың бұрынғы орынбасары ұсталды ма?

Malim Админ

  • 01.08.2020

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ бұрынғы вице-министр Олжас ӘБІШЕВКЕ қатысты пікір білдірді. Ведомство вице-министр ұсталды деген ақпаратты растай алмайды.

«Бізде бұрынғы вице-министр ұсталды деген ресми ақпарат жоқ. Біз де өзгелер сынды Олжас Әбішев ұсталды деген бейресми ақпартты бүгін естідік», - деді Қожахметов.

2020 жылдың 30 шілдесі күні вице-министр Олжас Әбішев қызметінен кеткен еді. Бүгін әлеуметтік желіде белгісіз бір адамды ұстап жатқан видео жарияланды. Блогер Ербол ЕДІЛОВ ұсталған адам – Олжас Әбішев болуы ықтимал деп жазған еді. Бейресми мәлімет бойынша, оған «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылып отыр.

КазТАГ осыған орай Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу комитетіне сұрау салған екен. Алайда, олар прокуратураның рұқсатынсыз қандай да бір мәлімет бере алмайтындарын айтқан.

Олжас Әбішев денсаулық сақтау министрі орынбасары қызметіне министрлікті Елжан Біртанов басқарған шақта,  2018 жылдың шілдесінде тағайындалған.

Фото: toppress.kz

Байланысты жаналықтар

Цойдың орынбасары: Біртановтың ұсталғаны ауыр тиді

04.11.2020
MalimBlocks
Цойдың орынбасары: Біртановтың ұсталғаны ауыр тиді