Карантин: Алматыда түнгі клуб қайнап тұр (видео)

Malim Админ

  • 04.08.2020

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы карантин тәртібін ұстанбаған біраз нысандарды анықтағандарын хабарлады. Мәселен, "Bor Bossa" түнгі клубында жастар емін-еркін жиналып, ішімдік ішіп, би билеп, кездесу өткізіп келген.  Әлбетте, секеңдеген жастар тексерушілер сумаң етіп кіріп келгенде ғана маска тағып, тәртіпті боп отыра қалған. Бұл клуб қонақтарын ішке арнаулы картамен ғана кіргізіп келіпті. Тұрақты қонақтардың демалысына тексерушілер қайран қалғанын жасырмайды.

-Клубтың біраз қонақтары бассейнде шомылып, қалған бөлігі барда музыка тыңдап шалқайып отырды. Түркісіб аудандық басқармасына карантин талаптарын сақтамаған 90 адам жеткізілді,- депті Алматы қаласы полиция департамент бастығының орынбасары Берік Әділбеков.

Қаладағы тексеру кезінде карантинді сақтамаған біраз нысандар анықталған. Олар бойынша, тиісті іс қозғалған.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=115&v=ge_pevYja8g&feature=emb_logo

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks