Жәкішевтің үшінші өтініші

Олжас Қасым

  • 13.02.2020

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВ үшінші рет мерзімінен бұрын басатуды сұрап, өтініш жазды. Бұл туралы адвокаты Нұрлан БЕЙСЕКЕЕВ фейсбук парақшасында хабарлады.

«2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев үшінші рет мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш жазды. Жәкішев өтінішін Семей қаласының соты қабылдап алды» делінген жазбада.

Мұхтар Жәкішевке араша түсіп, Халықаралық ұйымдар да бірнеше рет Қазақстан билігіне сұрау салған. 2015 жылы Жәкішевтің шағымын қараған Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Комитеті Жәкішевтің құқығы бұзылғанын растап, Қазақстан билігін тұтқынды босатуға шақырған.

Ал былтыр жазда Семей қаласының соты «Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-басшысының мерзімінен бұрын босату туралы екінші өтінішін қарап, қанағаттандырмаған.

2018 жылы 28 қарашада Мұхтар Жәкішевтің алғашқы  арызын Семейдің №2 соты қанағаттандырмаған еді. Соттың хабарлауынша, бұған сотталушының «шығынды өтемеуі себеп болған».

55 жастағы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Қазір жазасын Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.

Былтыр Мұхтар Жәкішев хәл үстінде жатқан анасы – Раиса Жәкішевамен кездесуге, кейін анасы қайтыс болғанда жерлеуге жіберуге өтініш жасаған. Бірақ түрме басшылығы екеуінде де рұқсат бермеді.

Нұрлан Бейсекеев: «Түрмеде үшінші топ мүгедектігі расталып отырған Жәкішевтің жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Мерзімінен бұрын босатуға қарсы болған сот шешімі жоғарғы сот қаулысына қайшы» деп айтқан болатын.

Байланысты жаналықтар

Кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған төрт адам сотталды

27.05.2025

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

23.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

22.05.2025

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025
MalimBlocks
Кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған төрт адам сотталды

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды