«Қарасора» операциясы қалай өтіп жатыр?

Malim Админ

  • 19.08.2020

Елімізде соңғы уақыттарда есірткімен күрес қатты күшейіп келеді. Республикамыздың әр аймағында күніне бірнеше оқиға тіркеліп жатады. Олардың бәрі есірткімен айналысып, тіпті, жасырын өсіріп отырғандары да бар. Адам баласынан айла артылар емес. Бірақ солардың бәрі де қандай айла жасаса да, қолға түсіп, тиісті жазаларын алып отыр.

«Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы» қатал сақтап жүрген тәртіп сақшылары мен әділет саласының қызметкерлері аянбай еңбек етіп жүр.

Мемлекеттің нашақорлықпен, есірткімен, темекімен күресі күшейіп жатыр. Дегенмен осы бір зиянды дүниеге алданып, жетегінде кеткендер де аз емес. Олар әр жолы әртүрлі жол тауып кетіп те жатады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымнан бастап 30 қазанға дейін жыл сайынғы республикалық «Қарасора» арнайы операциясы өткізіліп жатыр. Осы операцияның шеңберінде ішкі істер органдары құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз өсірілген алқаптарын анықтау үшін тікұшақты пайдаланып, жоғары жылдамдықтағы автокөліктері бар мобильдік топтарды жұмылдырылып отыр. Операция басталғалы барлығы елімізде 430 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 178 факт – құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, 153 өткізу фактісін, 83 сақтау фактісін және  есірткі контрабандасының бес фактісін анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы тоғыз тонна есірткі алынған. Есірткімен қылмысы жайлап отырған бірнеше аймақты талдай кетейік.

Әр облыстың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы бар. Жуырда сол полицейлер жасырынбақ болған есірткідиллерлерін қолға түсірген болатын. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы және Ішкі істер министрлігінің арнайы бөліністері Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде, Қызылорда қаласынан үш жүз жиырма шақырым қашықтықта қарасораны қолдан өсіру плантациясы алқабын, суару үшін бассейн мен агроқұралдарды сақтау мен сол жерде тұруға арналған жер асты үңгірлерін анықтады. Алқапқа жақын ұшып бару кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған екі «Тойота Ланд Крузер» жол талғамайтын көліктерін байқап қалады. Олар үлкен жылдамдықпен жүріп жасырынбақшы болды. Полиция қызметкерлерінің тоқтату талаптарын тыңдамады. Автокөліктің соңына түскен қызметкерлер оны тоқтату үшін ескерту оғын атты және бірнеше рет көліктің дөңгелектеріне оқ атылды. Дөңгелектеріне зақым келген соң ғана екі көлік қозғалысын тоқтататып, қолға түскен болатын. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл осы айдағы алғашқы оқиға емес. Қызылорда облысында қарасораны өсіріп қана қоймай, оны таратумен айналысытандар да қолға түсті. Байқағаныңыздардай есірткімен айналысытан топ, я адам қарсыласқанды қалайды. Оларда үнемі қару-жарақ болады. Және полиция қызметкерлерімен ымырасыз жандар.

Қызылорда облысының полиция қызметкерлері үш жергілікті тұрғынды ұстады. Оларды ұстау кезінде біреуі жарақат алған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді және медициналық мекемеге жеткізілді. Оның өміріне қазіргі уақытта еш қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған жерде Қызылорда облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

2020 жылдың 15 тамызында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен Жаңақорған ауданы Кейден ауылының алма бақтың ішінде 17 түп жасыл түсті сора өсімдігін еккені анықталған. Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны ұсталады. Оқиға орнын тексеру барысында 17 түп салмағы – 4556,31 гр жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Демек, соңғы есірткіге қарсы әрекеттерді бақылап отырсақ, Қызылорда облысы алғашқы орынға шығып отыр. Бұл аймақта көбіне сораның түрлерін өсіп, өндірумен айналысады.

Атырау қаласының полицейлері де есірткіге қарсы күресте аянып отырған жоқ. Еркінқала селосы тұрғынының ауласынан өсіп тұрған 1898 түп есірткі шөптерін тапқан. Полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора» алдын-алу шарасы барысында, қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген 1898 түп қарасора тауып, тәркілеген. Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа кептірілген сора табылған. Сараптама қорытындысымен кепкен сораның салмағы 1 килограмм 25 грамм болып шықты. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300 және 296-баптары (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және (Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша жүргізіліп жатыр.

Ал Алматы қаласының полициясы жыл басынан бері есірткіге қатысты 252 қылмысты анықтаған. Олардың 87-сі есірткі саудасымен айналысқандарға байланысты ұсталған. Заңсыз айналымнан 188 келіден астам есірткі, оның ішінде 30 келіден астам марихуана, 29 келіден астам гашиш және 400 граммға жуық героин тәркіленген.

– Қазіргі уақытта жастар арасында кеңінен таралған синтетикалық есірткіні анықтау және жолын кесу бойынша бөлек жұмыстар жүргізілуде. Жедел іс-шара қылмыстық ниет басталған жерден бастап жүзеге асырылады: жергілікті полиция инспекторларымен, сонымен қатар көпшіліктің белсенді бөлігімен, есірткілерді басып шығаратын жарнамалар қолданылатын жерлерде, жекелеген қылмыстық топтарға арнайы іс-шара жүргізіліп, сонымен қатар, қылмыстық әрекетті жалғыз өзі жүзеге асыратын дилерлерді ұстау, есірткі сатуға арналған ресурстарды анықтау үшін ғаламтор кеңістігі белсенді түрде бақыланады, – деді Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов. Полиция қызметкері Алматыға синтетикалық есірткі өндіруге реагенттер жеткізу арнасын тоқтатқанын еске салды. Жедел өкілдермен есірткіні заңсыз өндіруге, өңдеуге, сатып алуға, сақтауға, сатуға, жіберуге, тасымалдауға қатысы бар адамдарды ұстау бойынша жедел шаралар жүргізілді.

– Нәтижесінде шикізатпен қамтамасыз етудің соңғы нүктесі анықталды – бұл есірткінің жеке зертханасы. Екі ер адам – 1994 жылы туған Қ. және Н. азаматтар анықталды. Олар синтетикалық есірткі (жылдамдық) жасады. Рұқсатты іздеу кезінде бөлмеде әртүрлі сұйық заттар, қызғылт және ақ ұнтақты заттар бар пластикалық және металл контейнерлер, электронды таразы, шыны ыдыстар, сүзгілері бар шұңқырлар, есірткі заттарын өндіруге арналған басқа да заттар табылды және тәркіленді. Үйден тәркіленген заттың жалпы салмағы 25 килограмнан астам синтетикалық есірткі мен 75 келі прекурсорларды құрады. Күдіктілер Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деді Алмағамбетов.

Байқасаңыздар, Қызылорда облысы өсіріп, өндірумен айналысса, Алматы сияқты ірі қала солардың өңделгенін, синтетикалық есірткі түрлерін қолдануға құмар болып отыр. Солардың жеткізу арналарын тоқтатумен айланылысып отырған полиция қызметіне әлі де күресті қатаңдату қажеттігі байқалады.

Осы перация барысында еліміздегі үш алып қаланың бірі Шымкент тұрғынының пәтерінен есірткі табылған. Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Қарасора – 2020» іс-шарасы аясында жүргізілген жұмыстар барысында Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде полиэтиленді пакетке оралған түрінде есірткіге ұқсас заттарды сақтаған 1995 жылы туған жергілікті тұрғын анықталды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес аталған үй ішінен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 кг 39 гр құрайтын “марихуана” есірткі заты екендігі анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда осы есірткі затының пайда болу жолдары мен оның заңсыз айналымға салыну деректерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қарап отырсақ, есірткі тасымалдаумен қолға түсіп отырған азаматтардың дені тоқсаныншы жылдың ішінде туғандар. Жастары 25-30 арасындағы жастар көбірек қолға түсіп, істі болып отыр. Бұл негізгі қылмыскер емесі анық. Енді полиция қызметкерлері тапсырыс берушілерді анықтайды деп ойлаймыз.

Республикалық деңгейде жүріп жатыр «Қарасора» операциясы қазан айына дейін жалғасын табады.

Осыған «Қарасора» операциясына қоса әр аймақтық өз ішінде профелактикалық жедел-іздеу топтары бар. Олар да негізгі республикалық операциямен бірігіп, жұмыс істеп жатыр.

Есірткі пайдаланушылардың аймағы респблика бойынша таралған. Олармен күрес те респбликалық деңгейде өтіп жатыр. Бір кездері қылмыскерлермен байланыста болған  полиция қызметкерлері де ұсталып, іс қозғалғаны белгілі. Енді ондай опасыздықтарға жол берілмейді деп үміттенеміз.

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

21.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

21.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

Астана мен Алматыда қандай іс-шара өтеді?

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды