Саакашвили Қазақстанға "келе жатыр"

Абай Нұржанұлы

  • 27.08.2020

Қазақстанда Михаил СААКАШВИЛИ атындағы халықаралық орталық ашылады. Бұл туралы Грузияның экс-президенті facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Бұндай келісім Грузия мен Украина саясаткері мен Киевке арнай келген деленация арасында жасалған. Әлем мойындаған реформатор Михаил Саакашвилимен кездесуге Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, Марғұлан СЕЙСЕНБАЙ, Арман ШОРАЕВ сынды кәсіпкерлермен экс-депутат Бақыт СЫЗДЫҚОВА, қаржыгер Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ барған.

«Мен бүгін үйімде белгілі саясаткерлер, кәсіпкерлер мен журналистерден құралған қазақ делегациясын қабылдадым. Екі елдің Ұлттық реформа кеңесінің серіктестігі жайлы мақұлдастық. Сондай-ақ, қазақ университеттерінің бірінде халықаралық Саакашвили орталығы ашылады. Украинадағы көптеген жоспарларым мен Грузиядағы реформаларым жайлы әңгімеледім», - деп жазды Украина Ұлттық реформалар кеңесінің атқару комитетінің басшысы Михаил Саакашвили.

Қазақстандық меймандар кездесу соңында саясаткерге қазақтың ұлттық шапанын жауып, қолына қамшы ұстатқан.

Фото: facebook.com

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.