Мамин Тоқаевқа уәде берді

Malim Админ

  • 02.09.2020

Үкімет басшысы Асқар Мамин президент жолдауының барлық бағыттарын іске асыру бойынша жалпыұлттық жоспар жасалып, 7 қыркүйекке Тоқаевтың алдына бекіту үшін кіргіземіз деп уәде берді. «Президент мемлекеттік басқаруды жетілдіру, кадр саясатын, шешім қабылдау және олардың орындалуы үшін жауапкершілік жүйесін қайта қарау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде Мемлекет басшысына бағынышты мемлекеттік органдар құрылады. Осы міндеттерді орындау үшін Үкімет жедел және нақты шаралар қабылдауы қажет. Мемлекет басшысының жолдауын толық және уақытында іске асыру үшін қажетті ресурстар мен құралдар бар. Осы ретте жолдауды белгіленген міндеттерді тиімді орындау бойынша үйлесімді жұмысты қамтамасыз етуіміз қажет. Мемлекеттік органдарға жалпыұлттық жоспар бойынша ұсыныстарын 4 қыркүйекке дейін Ұлттық экономика министрлігіне енгізуді тапсырамын. Келесі отырыста Мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін жалпыұлттық жоспардың жобасын қарастырып, мақұлдауымыз керек», - деді Асқар Мамин.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Тоқаев халыққа кезекті жолдауын жасаған еді.

Байланысты жаналықтар

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024
MalimBlocks
«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.