Ахметовтің қазасына Махмахановтардың қатысы болуы мүмкін

Malim Админ

  • 04.09.2020

Алматыда Ащысай ауылында кісі қолынан қайтыс болған Нұрлан Ахметовтың ісіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Жиынға қоғам қайраткері Ырысбек Сәрсенбайұлы, публицист Марат Тоқашбаев, белсенділер Қыдырәлі Ораз, Сағидолла Мергенбаев пен адвокаттар Жанар Балғабаева мен Ғалым Нұрпейісов қатысты.

Рысбек Сәрсенбайұлының сөзінше, Нұрлан Ахметовтың қазасының артында 2007 жылы болған қазақ-шешен қақтығысына қатысы бар Махмахановтар әулетінің қатысы болуы мүмкін және бұл оқиға – террорлық қылмыс.

«Ащысайда Нұрлан Ахметов бауырымызға жасалған қастандықты ешқандай ақылға сыймайтын қылмыс деп бағалауымыз керек. Оны үйінің қасында тоғыз жерден пышақтап, азаптап өлтірген. Бұған қатардағы жай қылмыс  немесе ұлтаралық қақтығыс деп қарауға болмайды. Дегенмен бұл істе қазақ-шешен қақтығысына байланысты сөздер айтылады. Бірақ бұны тек осы екі ұлтқа тіреп қоюға келмейді. Осының басын ашып алайық. Мен өз басым бұны террорлық қылмыс деп есептеймін... Бұның барлығы 2007 жылғы оқиғадан басталады. Бұны шешен диаспорасының өкілі Махмахановтар әулеті жасаған әрекет емес пе деген күдік бар... (Қазақ-шешен қақтығысы кезінде – ред.) ашулы жігіттер Махмахановтардың үйіне барады. Сол жерде атыс болып, үш қазақ жігіті көз жұмып, алты-жеті адам жараланды. Ашуға булыққан жігіттер атылған оққа қарамастан Махмахановтың үш баласын соққыға жығып, кейіннен үшеуі де ауруханада қайтыс болды... Содан кейін сот болды. Кінәлі біраз азаматтар сотталды, жазасын өтеп келді. Бірақ сол кезде сот дұрыс жұмыс істесе, Махмахановтар әулетінің өзге мүшелерінің қылмысқа қатысы бар-жоғын қарап, талқыласа, бұндай қайғылы оқиға болмас па еді. Сол кезде Махмахановтың Тахир деген баласы қашып кеткен. Оған іздеу жариялады. Ол жауапкершілікке тартылды ма, жоқ па әлі күнге дейін белгісіз», - дейді Сәрсенбайұлы.

[caption id="attachment_7007" align="alignleft" width="300"] Нұрлан Ахметов[/caption]

Бұдан бөлек, Рысбек Сәрсенбайұлы 2007 жылы болған қазақ-шешен оқиғасын 2002 жылы Алматы қаласында болған қылмыспен қатысы бар екенін айтады.

«2002 жылы Алматы қаласында Тұрысов Нұрланды әйелімен бірге үйінде атып кетті. Сол жерде табылған ТТ тапаншасының гильзасы Казаткомда (2007 жылы болаған оқиғада – ред) табылған оқпен сәйкес келіп отыр. Демек, оның бұл қылмысқа қатысы бар ма? Бар... Тағы бір қылмыс журналист Оралғайшамен қатысы бар. Ол кісі «Қазақмыспен» байланысы бар істі зерттеп Алматыға келген. Өйткені Махмахановтардың біреуі сол жақта (Қарағандыда-ред)  адам өлтіруге қатысы бар деп ұсталған. Бірақ іле-шала осы жаққа үй қамаққа жіберіледі. Сол журналист осыған байланысты мақала жазды. Кейіннен жоғалып кетті. Артында бір қызы қалды. Тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Тірі болса бір жерден шығар еді ғой. Оны да өлтіріп кетуі әбден мүмкін. Мына қылмысты қарау кезінде осы оқиғаларға назар аударылуы керек деп біз, қоғамдық комиссия мүшелері талап қойып отырмыз... Нұрлан Ахметовке бесінші рет қастандық жасалып отыр. Одан бұрын төрт рет қастандық жасалды. Төрт реттің біреуінде інісі Саматты Думан ықшам ауданында тапаншамен атқан. Оқ әйнекке тиіп, көзіне зақым келген. Атқан кісіні бір адам көріп, фоторобот жасалған. Ол шешен диаспорасының өкіліне, Махмахановтардың біреуіне ұқсаған», - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Баспасөз мәслихаты барысында комиссия мүшелері Нұрлан Ахметовтің өліміне байланысты қылмыстық іс жөнінде құзырлы органдар тарапынан ешқандай жауап алмағандарын айтты. Жиын соңында белсенділер аталмыш іске байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен шешен диаспорасының өкілдеріне ашық хат жолдайтындарын мәлімдеді.

Тамыздың 14-і күні Ащысай ауылында жергілікті тұрғын Нұрлан Ахметов кісі қолынан көз жұмған. Оны тоғыз жерден пышақтап кеткен. Туыстары Нұрланның өлімін 2007 жылы Бәйдібек би ауылында болған қазақ-шешен қақтығысымен байланыстырған.

Есдәулет Қызырбекұлы

Фото: Автордікі

Байланысты жаналықтар

Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартып, жолын Рысбек Сәрсенбайұлына бермек

03.03.2023

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

01.03.2023

Астана полициясы Рысбек Сәрсенбайұлын күштеп ұстап әкетті

06.09.2022

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық

17.03.2021

Рысбек Сәрсенбайұлы: Сайлау кейінге қалуы керек

28.10.2020
MalimBlocks
Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартып, жолын Рысбек Сәрсенбайұлына бермек

Редакция қоржынан келіп түскен видеоға қарағанда, Алматы облысындағы 11-сайлау округінде дауысқа түсіп жатқан кандидат Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартпақ

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, өзін заңгер санайтын Айгүл Орынбек сайлаудың үгіт-насихатының отына май құйып бергендей болды.

Астана полициясы Рысбек Сәрсенбайұлын күштеп ұстап әкетті

Әлеуметтік желіде наразыларды қолдауға барған қоғам белсендісін күштік құрылымдардың ұстап жатқан видеосы тарады.

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық

Рысбек Сәрсенбайұлы: Сайлау кейінге қалуы керек