"Нұрымбетовтің статистикасы күмәнді"

Malim Админ

  • 11.09.2020

Коронавирус пандемиясының салдары Қазақстан экономикасына соңғы 20 жылда ең ауыр соққы болып тиді. Бұл жөнінде Дүниежүзілік Банк мәлімдеді.

Қыркүйектің 9-ы күні Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қаңтар-тамыз айлары аралығында жалпы ішкі өнімі 3 пайызға азайғанын айтты. Қазақстанның ЖІӨ 2000 жылдардан бері бұндай деңгейге алғаш рет төмендеп отыр. 2008 жылғы қаржы дағдарысының өзінде ЖІӨ 1,2 пайызға ғана қысқарған.

Экономист Мақсат Халықтың сөзінше, бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы да төмендеуі мүмкін. Ол бұны пандемияға байланысты қабылданған карантин шаралары мен мұнай бағасының құлдырауымен байланыстырады.

«Ұлттық экономика министрлігі ЖІӨ 3 пайызға құлдырағандығы жөнінде мәлімет берді. Бұл көрсеткіш тағы да түсуі мүмкін. Өйткені өз деңгейінде жұмыс істеп тұрған компаниялар өте аз, санаулы ғана. Локдауынның шектеулері әлі де бар. Компаниялардың тиісті деңгейде өнім шығарып, қызмет көрсетуіне мүмкіндіктері жетпей жатыр. Осы жағынан келген кезде, жалпы ішкі өнімнің құлдырауы үлкен дәрежеде орын алып жатыр. 2015-2016 жылдары біздің ЖІӨ 1 пайызға құлдыраған. Ол кезде экономикада тұралап қалу (стагнация) болды деп айтылған. Биыл бірден, жедел құлдырау орын алып отыр. Оған мұнай бағасының арзандауы, теңге бағамының тұрақсыздығы, карантин, локдауын әсер етті», - дейді Халық.

Дүниежүзілік Банк жариялаған «Дағдарысты еңсеру» атты баяндамасында Қазақстанда пандемия салдарынан тағы 800 мың адам кедейлікке ұшырауы мүмкін екендігі айтылған. Бұған дейін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов наруыз-сәуір айларында карантин салдарынан жұмыссыз қалған адамдардың саны 4 миллионнан асқанын, мамыр айында олардың саны 1 миллион, маусымда 735 мың болғанын мәлімдеген.

Бірақ экономист Мақсат Халық бұл статистиканың дұрыстығына күмәнмен қарайды. Оның сөзінше, қазір Қазақстанда жұмыссыздық өршіп тұр. Ол карантин уақытында 45 пайызға дейін өскен. Соған қарамастан осы күнге дейін жұмыссыздық бойынша нақты статистика жоқ.

«Біздің елімізде қазір жұмыссыздық өте қатты өршіп тұр. Карантин кезінде ол 45 пайызға дейін жеткен. Локдаун, карантин кезінде көптеген азаматтарға 42 500 теңге көлемінде көмек жасалып жатыр. Ол дегеніміз, сол адамдардың барлығы жұмысынан айырылған деген сөз.  Олардың барлығын жұмыссыз деп тануға толық негіз бар. Өкінішке орай, статистика бойынша әлі күнге дейін нақты мәлімет жоқ. Ұлттық экономика министрлігі бізге нақты статистиканы көрсетпей отыр. Статистиканың барлығы әлі де болса дұрыс емес. Министрлік жұмыссыздық 6,1 пайыз деп айтты. Бірақ, 45 пайыз болған жұмыссыздық қалай 6,1 пайызға түсіп кетеді? Ол мүмкін емес жағдай. Сондықтан елдегі жұмыссыздық деңгейі әлі де жасырын болып тұр», - дейді Халық.

Есдәулет Қызырбекұлы

Байланысты жаналықтар

«Қоқысты таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»: Премьер-Министр қайта өңдеу саласын сынға алды

12.03.2024

К 2037 году Узбекистан может обойти Казахстан по размеру экономики – эксперты

26.02.2024

Қазақстан жалпы ішкі өнім бойынша Орта Азия және ТМД елдері арасында көш бастады

26.12.2023

Облыстардың аймақтық дамуында серпіліс зор

23.10.2023

«Не понял вопрос» - Кайрат Торебаев о проблемах экспорта

25.09.2023

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022
MalimBlocks
«Қоқысты таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»: Премьер-Министр қайта өңдеу саласын сынға алды

К 2037 году Узбекистан может обойти Казахстан по размеру экономики – эксперты

Через 13 лет Узбекистан может обойти Казахстан по размеру экономики, считает экономист Рахимбек Абдрахманов.

Қазақстан жалпы ішкі өнім бойынша Орта Азия және ТМД елдері арасында көш бастады

Облыстардың аймақтық дамуында серпіліс зор

«Не понял вопрос» - Кайрат Торебаев о проблемах экспорта

В понедельник, 25 сентября, вице-министр торговли и интеграции Кайрат Торебаев хотел похвастаться перед журналистами о создании на базе компании KazakhExport «института продвижения экспорта».

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр