Студенттер онлайн оқуға қарсы

Malim Админ

  • 16.09.2020

Биыл жоғары оқу орындарына түскен бір топ 1-курс студенттері әлеуметтік желіде қашықтан оқытуға наразылық білдіріп, білім және ғылым министрінен өздерін дәстүрлі форматта оқытуды талап етті. Наразы студенттердің айтуынша, "қашықтан оқыту білім болмайды".

Мәлім кз тілшісі бірінші курс студенттерімен қашықтан оқытудың қиындықтары туралы сөйлесіп көрді.

Instagram-да қашықтан оқытуға қарсылық білдірген студенттер zoom платформасы арқылы оқу қиынға соғып жатқанын айтқан. "Дұрыс жолға қойылмаған zoom платформасы, әлі ештеңені жетік білмейтін біздер оқу жолында қиындықтарға тап болып жатырмыз. Күзгі семестрді осылай оқысақ, одан ешқандай білім болмайды.  Білім министрінен ең болмаса 1-курс студенттеріне бұрынғыдай қалыпта оқуға рұқсат беруді талап етеміз. ҰБТ-ны ешқандай онлайн түрде тапсырмадық, ол кезе жұқпаған вирус барып оқысақ, жұғады дегенге кепіл жоқ. Барып оқуды сұрап жатқан жалынды жастардың бұл ұсынысы қапы қалмас деп ойлаймыз", - дейді хат авторлары.

Сүлеймен Демирель университетінің екі шет тілі мамандығында оқитын Дина Еркінқызы әлеуметтік желідегі бірінші курстардың дәстүрлі форматта оқыту туралы талабын қолдайды. Дина Еркінқызы сабақтары өтетін Webex платформасы кейде интернет нашарлығынан жұмыс істемей қалып, сабақтың жартысын түсінбей қалатын кездер болатынын айтады.

- Онлайн формат ұнаған жоқ. Өйткені бірінші курстың студенті екенімді толықтай сезе алмай отырмын. Тек сабақтың өзі болған соң, қызық ештеңе жоқ. Үйде оқығанда əр нəрсеге алаңдап, көңілін басқа жаққа бөлінеді. Содан сабақты түсінбей қаламын. Микрофон мəселесі тағы бар. Өшіруге ұмытып,құлаққа жағымсыз сықырған дыбыстар да шығып қалады. Менің сол коронавирустан гөрі,құлағым ауырып қалатын шығар, - дейді Дина Еркінқызы.

Ал ҚазҰПУ-дың  информатика мұғалімдерін даярлау мамандығына түскен Думан Қасымқұл әзірге онлайн оқу өзіне ұнап жатқанымен, интернеттің нашарлығы оқу процесіне кедергі келтіреді дейді.

- Онлайн форматта көңілің басқа нәрселерге бөлініп кетеді. Сондықтан сабаққа дұрыс кіре алмай отырмын. Сабақтарды zoom арқылы өтеміз, видео конференция кезінде дауыс естілмей қалады. Одан басқа қиындықтар болған жоқ. Ең бастысы, студенттік өмірдің барлық қызығын онлайн емес, университет қабырғасында топтастарыммен өткізгім келеді, - дейді Думан Қасымқұл.

Шұғыла Әуелбек - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясының студенті. Болашақ фармацевт онлайн форматтағы сабақ оқу пандемия кезінде тиімді болғанымен, академия қабырғасында оқығанға ештеңе жетпейді дейді. Шұғыла Әуелбектің сабақтары Zoom, Platonus және Whats App желісі арқылы өтеді.

Ал Алматы Энергетика және байланыс университетiнің студенті Дархан Хасанаевтің сабағы 14 қыркүйекте басталады. Дарханның сөзінше, оқытуға қолданылатын Google Meet платформасы өте ыңғайлы. Интернетпен мәселелер болмаған соң оқу жылындағы алғашқы аптасы сәтті өткен.

Бірақ осы университеттің профилактикалық іс-шаралар мамандығында оқитын  Аяна Ерғали өзіне онлайн формат ұнамағанын айтады.

- Онлайн формат ұнамады. Күні бойы ноутбук алдында отырамыз, интернет кейде нашар болады. Үйреншікті емес болғандықтан, қиындықтар бар. Үлгерімім жақсы, апай айтқан тапсырмаларды орындап жүрмін. Бірақ тура үйдің шаруаларын істейтін уақытта менің сабағым басталады. Екі жақта жүріп миым ашып кетеді. Меніңше, университетке барып оқыған жақсы. Сабақтарды да жақсы түсінесің, топтастарыңмен де жақсы араласа аласың, - дейді Аяна Ерғали.

[caption id="attachment_7338" align="alignleft" width="225"] Шолпан Сағын[/caption]

Шолпан Сағын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің дизайн мамандығына оқуға түскен. Шолпанның сабақтары Zoom, Whats App платформалары арқылы өтуде. Оның айтуынша, университет мұғалімдері білікті маман болғандықтан сабақтарды жақсы түсіндіре алған. Алайда интернеттің нашарлығынан мұғалімнің сөздері жетпей қалатынын айтады.

- Дизайн мамандығында суретті көп саласың. Сондықтан мұғалімдердің қасыңда тұрып үйреткені маңызды. Суреттер де көз алдымызда болмаған соң дұрыс түсіне алмайсың. Егер мүмкін болса университетке барып оқыған жақсы еді. Тек оқуға құжаттарды тапсыру кезінде барған соң, университетпен толық таныса алмадым, - дейді Шолпан Сағын.

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға оқуға түскен Мұрат Өмірзақов оқудың алғашқы аптасында мұғалімдермен түсініспеушілік болғанымен, кейін ара-қатынастарын түзегенін айтады. Мұратқа университеті мен жатақханасын ұнаған. Алайда онлайн формат болғандықтан студент Шымкент қаласында оқып жатыр.

Ақдидар Әбдімаулен.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: БҚО-дағы эвакуациялау пункттерінде 603 оқушы онлайн оқып жатыр

16.04.2024

Жайық күрт көтерілуі мүмкін: Атырауда колледж студенттері қауіптің алдын алып жатыр

09.04.2024

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021
MalimBlocks
Су тасқыны: БҚО-дағы эвакуациялау пункттерінде 603 оқушы онлайн оқып жатыр

Эвакуациялық орталық студенттердің онлайн оқуы үшін компьютерлер, құлаққаптар және интернетпен жабдықталған оқу кабинеттері бар.

Жайық күрт көтерілуі мүмкін: Атырауда колледж студенттері қауіптің алдын алып жатыр

Еріген қар суын бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?