Әкімдердің арасында ең жаңа автокөлікті Нәлібаев теуіп жүр

Malim Админ

  • 18.09.2020

tengrinews.kz сайты әкімдеріміздің автомашиналары жайлы қызықты материал әзірлепті. Нақтырақ айтқанда қала басшыларының қызметтік көліктері тоқталыпты.

Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімінен  бастап Алматыдай ең алып шаһар басшысы қандай көлікпен жүретіні жазылыпты. Бұл материалдағы әкімдерді екіге бөлуге болады. Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тілін алғандар және алмағандар деп.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ: «Барлықтарың өзіміздің көліктерге отыруларың керек. Отандық көлігіміз жоқ кездері сатып алатынбыз, ал қазір жағдай басқаша. Бұл талап мемлекеттік қызметкерлермен қатар, кәсіпкерлерге де қатысты» деген еді. Дәл сол жылдың қазан айында мәжіліс депутаты әрі Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам ПІШЕМБАЕВ шенеуніктерді отандық көліктерге отыруды заңмен міндеттеуді ұсынған. Сол кезде мәжілісмен 2020 жылға қарай Қазақсатнда құрастырылатын автокөліктердің көлемі 200 мыңға жететінін айтқан-ды.

Қош, сонымен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне құлақ аспаған әкімдер. Түркістан қаласының әкімі Рашид АЮПОВ 2008 жылғы Toyota Land Cruiser-мен жүрсе, Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОМАР және  Атыраудың басшысы Қайрат ОРАЗБАВ Toyota Camry автомашинасын пайдаланады екен.

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет ҚИЛЫБАЙ 2010 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser Prado көлігін таңдаса, Қарағандының басшысы Нұрлан ӘУБӘКІРОВ 2011 жылғы Toyota Land Cruiser 200 көлігімен жүреді. Шымкент әкімі Мұрат ӘЙТЕНОВТІКІ 2011 жылы шыққан Lexus LX 570 болса, Қостанай әкімі Қайрат АХМЕТОВТЫҢ астында 2010 жылғы Lexus LX 570 машинасы. Үкімет басшысы болып та қызмет еткен Алматының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ 2013 жылғы Меrcedes Benz S-Class  автомобильін жұмысқа мініп жүр екен.

Президент Назарбаев биліктен кетседе оның әрбір сөзіне құлақ асатын әкімдердің тізімін Нұр-Сұлтан қаласыынң әкімі Алтай КӨЛГІНОВ бастап тұр. Пиярға әуес Көлгінов 2018 жылғы Skoda Octavia атты темір тұлпарды тізгіндепті.

Қала әкімдерінің ішінде ең жаңа автомашина иесі – Қызылорданың әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ. Қызылорданы он жылға жуық басқарып келе жатқан шенеуніктің астында 2019 жылы шыққан Kia Sorento кроссовер. Бұл әкімнің хоббиі машинамен жылдам жүру. Алайда Нұрсұлтан Назарбаевты идел тұтқандықтан жүйрік машина таңдамаған сияқты. Кім біледі, Нұрлыбек МӘШБЕКҰЛЫ Елбасын идеал тұтпағанда Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіндегі інісі Жансұлтан САПАРБАЕВ сынды италиялық жылдам автомашина Ferrari-ге  әуес болар ма еді? Әлде, Қазақстанның бас облысын басқарған ағасы Бердібек САПАРБАЕВ қызметтік карьерасы жақсы көтеріліп келе жатқан інісіне «қарапайым бол» деп ағалық ақылын айтып жүрер ме екен?

Фото: nur.kz