Әкім қарамағындағы шенеунік пара алғаны үшін отставкаға кетті

Malim Админ

  • 21.09.2020

Алматы облысына қарасты Текелі қаласының әкімі Бақтияр ӨНЕРБАЕВ қарамағындағы шенеунік пара алғаны үшін отставкаға кетті.

«Мен Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес, заң үстемдігін құрмет тұтатын азамат ретінде өз еркіммен отставкаға сұранып, өтініш жаздым. Және бүгін облыс әкімі – Амандық ҒАББАСҰЛЫ отставкамды қабылдады», - деп жазды экс-әкім фейсбук парақшасында.

2020 жылдың 27 тамыз күні қала әкімі қызметтен кету жөнінде арызын жазған болатын. Биылғы жылдың шілде айында Текелі қаласы әкімі апаратының басшысы Баходир НОРКУЛОВ  пара алды деген күдікке іліккен еді. Ол туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілсіз «Бақтияр Өнербае отставкаға кете ме?» деген материал жариялаған.

Баходир Норкулов сотта 1,5 млн теңге пара алғаны анықталып, ол ақшаны он есе қылып мемлекетке қайтарып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот оған 15 млн теңге айыппұл салды.

2019 жылдың  20 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелерімен жемқорлық бойынша жиында әр басшысы жемқорлық фактісі бойынша қарамағындағылар үшін жауап беріп, отставкаға кету керек деген. Бұл сөз артынша заңға айналды. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген.

Бұған дейін талай әкімдердің орынбасарлары ұсталған. Бірақ бірде-бірі қызметінен кетпеді. Бақтияр ӘЛТАЙҰЛЫ қарамағындағы шенеуніктің пара алғаны үшін отставкаға кеткен алғашқы әкім. Ал Текелі қаласының жаңа әкімі болып Батыр МОЛДАХМЕТОВ тағайынлады.

Фото: tekelinews.kz

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы