Кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы кезекші сыныпта оқитын оқушыдан анықталды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.
Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ растады. Індетке екінші сынып оқушысы шалдығыпты.
«14 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Парыгин ауылындағы мектепке барып жүрген оқушы коронавирус жұқтырған. Баланың анасы мектеп мұғалімі екен. Бірінші күні оқушының дене қызуы 37 градус болған. Коронавирустың барлық белгілері болыпты. Содан кейін анализ тапсырған», - деді Бағдат Қожахметов.
Қазір оқушы үйінде ем-дом алып жатыр. Онымен бірге сыныпта 12 оқушы оқыған екен. Барлық балалар мен оқытушылар тексеруден өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, қазір еліміздің мектептерінде ата-аналар өтінішімен кіші сынып оқушылары мен тәлімгерлер өте аз білім ордалары әдеттегідей білім беруде.
Фото: qysqasoz.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.