Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алуға арналған жоба басталды

Malim Админ

  • 29.09.2020

ЮНИСЕФ-тің  2017 жылы жариялаған дерегі бойынша Қазақстанда әрбір үшінші мектеп оқушысы сыныптастарынан зорлық-зомбылық көреді.  Ол – физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылық, кемсіту, бір сөзбен айтқанда – «буллинг».

Алайда қазақ қоғамында “бәріміз төбелестік”, “солай өстік”, “бала ғой”, “қойшы, ештеңе етпейді” деген түсінік бар.  Әсіресе  мектепте буллинг оқиғаларының бар екенін,  бұл қалыпты өмір еместігін аудиторияға сезіндіруді мақсат еттік.   Осы бағыттағы «Únsіz qalma» жобасының жұмыстарын оқырман мен көрермен назарына ұсынып отырмыз.

«Únsіz qalma»  ұжымы биылғы жылы Internews Kazakhstan ұйымдастырған білім саласының проблемаларына арналған медиажобаларды дамытуға арналған Content Lab лабораториясына қатысқан болатын.  Нәтижесінде іріктеуден өткен 10 команданың ішінен Internews-тің қолдауына ие болып, грант ұтып алды.  Грант аясында оқушылар арасындағы буллинг тақырыбында «Únsіz qalma» жобасы қолға алынды. Жоба бойынша жасалған материалдарды  Unsiz qalma - YOUTUBE арнасынан,  @unsiz.qalma инстаграм парақшасынан, Malim.kz порталынан көре аласыздар.

Бұл жоба АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы “Media CAMP — Орталық Азия” бағдарламасы аясында дайындалды. «Únsіz qalma» ұжымы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың, АҚШ үкіметінің немесе  Internews ұйымының ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

https://www.youtube.com/watch?v=HO2woGmPKKg

Байланысты жаналықтар

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

07.10.2024

Оқушы қыздар қатарласынан ақша жинап келген

27.09.2024

Астана мектебіндегі буллинг. Қылмыстық іс қозғалды

11.09.2024

Кісі қолынан қаза тапқан оқушының отбасы мәлімдеме жасады

05.09.2024

Ақтөбедегі оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды

05.09.2024

Биылғы оқу бағдарламасына «Қауіпсіздік сабағы» енгізілді

01.09.2024
MalimBlocks
Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан

Оқушы қыздар қатарласынан ақша жинап келген

Іс материалдары сотқа жөнелтілді

Астана мектебіндегі буллинг. Қылмыстық іс қозғалды

Педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралады

Кісі қолынан қаза тапқан оқушының отбасы мәлімдеме жасады

Төбелеске 15 оқушы қатысқан дейді марқұмның әпкесі

Ақтөбедегі оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды

Оқиға 2 қыркүйекте Кеңесту ауылында болған

Биылғы оқу бағдарламасына «Қауіпсіздік сабағы» енгізілді

Ол буллингке қарсы сабақ ретінде өтеді