Әлия Әнуарбектің жары қайтыс болды

Malim Админ

  • 30.09.2020

Танымал актриса Әлия Әнуарбектің жары қайтыс болды. Қайғылы хабарды марқұмның досы, дизайнер Гүлжан Аркен Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді. Оның айтуынша, актрисаның жұбайы Азамат 17 қыркүйекте қайтыс болған.

"Көмек қолын соза алғанымызда ғой, шіркін, бірақ сен ешкімге салмақ түсіргің келмей, нағыз жауынгердей соңына дейін күрестің, жеңіп шығарыңа сенімді болдың", - деп жазды Г. Аркен.

Әлия мен Азамат 2014 жылы шаңырақ көтерген еді. Әлия Ақан Сатаевтың "Мың бала" фильмінен кейін танымалдыққа ие болған еді.

https://www.instagram.com/p/CFvANpUlxN2/