Оспан батырдың ұрпақтары Қазақстан билігінен араша сұрады

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 02.10.2020

Бүгін Алматы қаласында Қытайда қысым көріп, өмір бойы бас бостандығынан айырылған Оспан батырдың ұрпақтары Толқын Соғысайұлы, Нағыз Мұхаммедұлы және Нұрлан Нәбиұлының туыстары Қазақстан билігі мен халықаралық ұйымдардан араша сұрап, баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиынға қатысушылардың бірі (Қытайда өмір бойы түрме жазасына кесілген Толқын Соғысайұлының балдызы) Ахат Әшудің сөзінше, Соғысайұлына Қытай билігі «қос тілділікке, яғни қазақ мектептерін қытай және қазақ тіліне оқытуға қарсы шығу», «Қытайдың жоспарлы туу саясатына қарсылық», «Қазақстан тәуелсіздік күнімен құттықтап қонақ асын берді» деген негізсіз айыптар тағып, қинап, өмір бойы түрме жазасына кескен.

«Толқын Соғысайұлын 2017 жылы желтоқсан айында жергілікті сақшылар Көктоғай ауданынан алып кетіп, себепсіз қамауға алған. Сол уақыттан бері хабар жоқ. Біз оның тірі екенін биылғы жылдың шілде айында соты болғанда бірақ білдік. Сол уақыттан бері туған-туысына ешқандай мәлімет берілмеді. Іздеп барған отбасына қысым көрсетіліп, «үкіметтің саясатына аралассаңдар, өздерің қамаласыңдар» деген... Оған «жоспарлы туу саясатына», «қос тілділік саясатына» қарсы шықты, «Қазақстан тәуелсіздігін заңсыз құттықтады», «банды аталған Оспан батырды дәріптеді және сол арқылы мемлекеттік бөлшектемек болды» деген айыптар таққан. Жала жапқанға дейін, оларды аяқтарына тоқ байлап, 72 күн бойы сабаған... 24 қыркүйек күні онлайн түрде соттары болып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - дейді Әшу.

Өмір бойы бас бостандығынан айырылған Нағыз Мұхаммедұлының анасы Назыкен Бікейқызының айтуынша, ұлы 2,5 жылдан бері жазықсыз Қытай түрмесінде отыр. Оған 2017 жылы жүрегіне ота жасалған. Бірақ осыған қарамастан оны Қытай билігі қамауға алған.

Оспан батырдың немересі Өркен Оспанның сөзінше, 2018 жылдан бері Қытайда жазықсыз сотталған туыстарына араша сұрап ҚР президент әкімшілігіне, мемлекет басшысына, сыртқы істер министрлігіне бірнеше мәрте хат жолдаған. Бірақ оның ешқайсысынан осы уақытқа дейін мардымды жауап келмеген.

«Осы уақытқа дейін үш азаматтың атынан (Толқын Соғысайұлы, Нағыз Мұхаммедұлы, Нұрлан Нәбиұлы-ред) 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстандағы билік органдарына, президент әкімшілігіне, мемлекет басшысының атына, сыртқы істер министрлігіне, СІМ-нің консулдық қызмет департаментіне, Қытай ешлшілігіне, Біріккен Ұлтттар Ұйымына, екі-үш мәрте арыз беріп, араша сұрағанбыз. Бірақ олардан нақты жауап келген жоқ», - дейді Оспан.

Бұдан бөлек, Өркен Оспан айтуынша, Оспан батырдың әулетіне қысым жетпіс жылдан бері жасалып келеді.

«Қытайдағы аз ұлттарға қарсы науқан соңғы 2-3 жылда басталғанымен, біздің әулетімізге қысым, Оспан батыр атылған уақыттан бастап, яғни соңғы 70 жылдан бері жасалып келеді», - дейді Оспан.

Жиынға Қытайда қамауға алынған азаматтардың туыстарынан бөлек, қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаев, азаматтық белсенділер Еркін Рақышев,  Рысбек Тоқтасын қатысты.

 Фото автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.