Кәсіпкерлер несиесін қалай жабады?

Malim Админ

  • 25.09.2020

Қазақстандық кәсіпкерлердің жартысына жуығы банктерден алған несие төлем мерзімін шегеру мүмкіндігін пайдаланыпты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ айтты.

«Пандемияның бизнеске әсер еткені белгілі. Бизнесін бастап үлгермеген кәсіп иелеріне қиын болды. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жолдауында осы мәселелерді айтқан еді. Кәсіпкерлік салаға алып келген пандемия зардаптарымен күрес жүзеге аса береді. Алдағы жылдары жоспарланатын шаралардың барлығыда кәсіпкерлердің әлеуетін жақсартуға бағытталмақ», - деді Президент жолдауына орай шағн және орта бизнесті қолдау шараларына арналған брифингте Абылай Мырзахметов.

Естеріңізге сала кетейік, несие төлемін шегеру биылғы жылдың 1-ші қазанына дейін болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ тапсырмасы бойынша жылдың соңына дейін ұзартылды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена БАХМУТОВА несиенің негізгі қарызы мен сыйақы мөлшерлемесін шегеру бойынша екінші дәрежелі банктерден  еліміздің 1 миллионнан астам азаматы өтініш бергенін айтқан-ды.

Алайда, өтінім беріп үлгермеген кәсіп иелері де жоқ емес екен. Алматылық кәсіпкер Жайнар ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ несиенің айлық төлемі жыл соңына дейін шегерілгені қуаншты жаңалық болды дейді. Бизнесмен төтенше жағдай жарияланғанда ғана өз кәсібін ашқан екен. Табыстан емес банк алдындағы берешегімен ғана қалған.

«Биылғы жылдың басында Алматыдағы Байбесік шағын ауданында жиһаз цехын ашқан едік. Ағаштарды қытайдан тасымалдайтын компаниядан алған едік. Арнайы станоктарды да шетелден алдық. Апат айтып келмеді демекші ойда жоқта пандемия басталып кетті емес пе. Он бес адамды жұмысқа алғанбыз. Олардың артында бір-бір отбасы тұр. Ең ауыры банктерге төленетін кредит еді. Үкімет біздің жағдайымызды түсініп қолдау көрсеткендері жақсы болды. Шынымды айтсам мен осымен бизнестегі жолым аяқталы деп ойлаған едім», - дейді кәсіпкер Жайнар Жәлелқызы «МӘЛІМ КЗ» сайты тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар басынан қиын кезеңді өткеріп жатқан шағын және орта бизнесті қолдау үшін жеті жүз мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдіктері берілді. Кәсіпкер президент жолдауынан кейін кәсібінің алға дөңгелеп кететініне сенім пайда болғанын айтады.

«Мен Моңғолиядан көшіп келгенмін. Атажұртқа еңбек сіңірсек дейміз. Маған президенттің «жеке кәсіпкерлік жетекші рөлге ие болу керек» деген сөзі ұнады. Үкіметке шикізатқа ғана көңіл бөлмей өз өндірістерімізді дамытудың бағдарламасын әзірле деді. 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегін үлесін 35 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл демек біздерге бұдан да зор көмек болады деген сөз. Пандемия, қиын қыстау кезде тек өзіңе ғана сенім арта алатыныңды көрсетті. Әркім өз басымен мұң болғанда өзіңе сенбегенде кімне сенесің. Әр қиындықтың өз берекеті болады. Енді отандық өндірушілер қарыштай бастайды», - дейді кәсіпкер Жайнар Жәлелқызы.

С. Назарова. 

Фото: ernur.kz

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады