«Ақ үйді» басып алды: Жээнбеков қайда?

Malim Админ

  • 06.10.2020

Қырғызстандағы Парламент сайлауынан кейін оппозициялық саяси ұйымдар митинг ұйымдастырып, артынша, түнде  «Ақ үйді» басып кіріп, Қырғызстан президенті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВТІҢ кабинетіне кіргені белгілі болды. Наразалыар «Ақ үйге» кіргенде президент Жээнбеков болмаған.

Жээнбеков қайда?

Қырғыз президенті баспасөз хатшысының хабарлауынша, Жээнбеков қазір Бішкекте, «жағдайды толықтай бақылауда ұстап отыр».

Толғанай Стамалиеваның айтуынша, Жээнбеков жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2:00-ге дейін Жогорку Кенештің ғимаратында болған. Онда саяси күштермен диалог өткізіпті.

«Президент бар күшін елдің дұрыс арнаға түсуіне жұмылдырып жатыр. Ең алдымен, бұл кеше ғана өткен парламент сайлауының қорытындысына байланысты. Болған жағдайды ескере отырып, президент  ОСК-ты материалдарды мұқият қарауп шығуға , егер заң бұзушылықтар болса, сайлау қорытындысын жоққа шығаруға шақырды», - дейді Стамалиева.

Сондай-ақ, ол президенттің наразылық акциясын ұйымдастырушылардың ақылға келетінінен үміттенетінін айтты.

Артынша, Сооронбай Жээнбековтің өзі де халыққа видео үндеу жолдап, сайлау қорытындысын жоққа шығаруға дайын екенін хабарлады.

«Құрметті отандастарым, кеше түнде саяси күштер мемлекеттік билікті тартып алу әрекетін жасады. Сайлауды сылтау қылып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Қала тұрғындарын бүлік салуға итермеледі. Тәртіп сақшыларына бағынбай, күштік құрылым өкілдеріне күш көрсетіп, ғимараттарды талқандады. Қан төгілмесін, тұрғындардың өміріне қауіп төнбесін деп, күштік құрылымдарға оқ шығармауды бұйырдым. Жағдайдың ушықпауы үшін қазіргі уақытқа дейін барлық шараны қолдандық. Мемлекеттің тыныштығы, халықтың амандығы кез келген депутаттық мандаттан жоғары», - деді Қырғыз президенті.

Ол, сонымен қатар, оппозициялық партиялар мен саяси күштерді өз жақтастарын тыныштандырып, басып алған ғимараттардан алып кетуге шақырды. Отандастарынан сыртқы арандатушы күштердің арбауына түсіп, тәртіпсіздік пен заң бұзушылыққа бармауды сұраған Жээнбеков саяси амбициялардың ел тыныштығынан төмен тұруы керек екенін айтты.

Айта кету керек, Қырғызстанда кеше басталған наразылық шерулері түнге қарай күштік құрылым өкілдерімен қақтығысып, артынша Жогорку Кенеш пен «Ақ үйді» басып алғаны хабарланған. Сонымен қатар, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек АТАМБАЕВ бастаған бірқатар саяси тұтқындарды қамаудан босатып алған.

Жээнбековтің Бішкекте екені айтылғанмен, оның нақты қайда екені хабарланған жоқ.

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.