Сараң Безос жерді құтқаруға $10 млрд бөлді

Алмас НҮСІП

  • 18.02.2020

Әлемдегі ең бай адам – Amazon компаниясының негізін қалаушы Жефф Безос «Біз жерді құтқара аламыз» деп мәлімдеп, табиғатты қорғауға жеке есеп-шотынан 10 миллиард АҚШ долларын бөлмек.

Ол бұл қаржы арқылы гранттар бөліп, климаттың өзгерісін тоқтатуды көздейді. Қазіргі кезде  Bloomberg агенттігі рейтингінде (150 млрд) әлем бойынша көш бастап тұрған Безос жерді құтқару қорын Bezos Earth Fund (Безостың Жер қоры) деп атамақ.

Бұл қор енді «ғалымдар, белсенділер, үкіметтік емес ұйымдарға» гранттар бөліп, соның арқасында климаттың өзгерісімен күреседі. Ол бұл мақсатта табиғатты сақтау мен қорғауға күш салатын кез келген қадамды қолдауға дайын екенін айтады. Безостың қоры грант бөлуді жазда бастайды.

«Мен грант бөлуді жазда бастаймын. Жер – бәрімізді біріктіретін нәрсе, оны бірге қорғайық», - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Forbes Безостың дәулетін 129,9 млрд доллар деп бағалаған. Демек, жерді құтқаруға бөлген ақша оның байлығының 8 пайызға жуығын құрайды.

Безос бұған дейін де қайырымдылыққа ақша бөлген. Климат дегенде Австралиядағы ұлы өрт еске түседі. Миллиардер бұл орман өртімен күреске деп қаңтар айында 690 мың АҚШ долларын бөлді.

Әрине, әлемнің ең бай адамының Австралиядағы өртке көмек ретінде бөлген 690 мың доллары елеусіз қалған жоқ. «Мұншама аз ақша бөлгені» үшін сынға да ілікті. «Бір минутта 149,34 мың доллар табатын Безос бұл өртке 4,6 минуттық табысын берген деген сөз. Егер ол бір күндік табысын қиса, бұл 215 миллион болар еді», деп есептегендер де болды.

Оның «сараңдығы» туралы бұдан бұрын да айтылған. 2010 жылы  Уоррен Баффет пен Билл Гейтс бастаған «Сыйға тарту серті» филантроптық кампаниясынан бас тартқан санаулы адамның бірі. «Сыйға тарту сертінің» мәні – миллиардерлер көзі тірісінде немесе өмірден өткен соң байлығының ең аз дегенде 50 пайызын қайырымдылыққа бөлуі керек. Бұл бастамаға қосылмаған санаулы миллиардердің бірінің Австралия өртіне қатысты елдің әжуасынан кейін табиғатты қорғауға мұншама қаржы бөлуі нені білдіреді? Расында, сыннан қорытынды шығарды ма, әлде, бұрыннан жоспары болды ма?..

Қайырымдылық кампаниясынан бас тартқанда Безостың өзінің қайырымдылық қоры бар екені айтылған. Bezos Day One Fund қорына 2 миллиард доллар жұмсаған Безос панасыздар мен табысы төмен отбасылардың балаларына арнап балабақшалар салумен айналысып келген.

Тағы бір қызық мәлімет, Безос өткен жылы қаңтар айында 25 жыл отасқан әйелімен ажырасып, Маккензи Безосқа 35,9 млдр АҚШ доллары тиген. Әлемдегі ең бай әйелдің бірі болып шыға келген Маккензи араға көп уақыт салмай күйеуі бас тартқан қайырымдылық акциясына қосылатынын мәлімдеп, артынша байлығының 25 пайызын «Сыйға тарту сертіне» аударып тастаған. Бәлкім Жефф Безостың бұл жомарттығына «сейфім босап қалғанша тоқтамаймын» деген бұрынғы әйелінің осы қадамы себеп болды ма екен...

Фото: usatodaypost.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

09.04.2022

Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

03.04.2021

«Únsіz qalma»: Буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығы

31.10.2020

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

29.10.2020
MalimBlocks
Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

Олар Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді.

Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

«Únsіz qalma»: Буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығы

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"