Өкіметтен қайыр жоқ, Борат аман болсын

Malim Админ

  • 13.10.2020

2006 жылы прокатқа шығып, 261 572 744 АҚШ доллар пайда түсірген комедиялық «Борат» фильмінің екінші бөлімі шыққалы жатыр. Осыған орай Қазақстан қоғамында және шетелдерде қазақстандықтар фильмнің жарыққа шығуына қарсылық көрсетіп жатыр.

Аталмыш фильмнің бірінші бөлімі шыққанда да қазақстандықтар аз кіжінген жоқ. Сотқа беру керек деп те даурықты. Тіпті, сол кездегі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ өзі шетелдегі әлдебір кездесуде «Борат» туралы сұраққа жауап беруге мәжбүр болды. Өзі «әлемге танытқан» Қазақстанның «Борат» фильміндегідей емес екенін күллі дүние жақсы білетініне сенімді елбасы бұған «юмормен» қарау керек екенін айтқан.

Әлем шынымен сондай емес екенімізді білер-білмес, бірақ, біраз дамыған елдің азаматтары Қазақстан деген ел барын осы фильм арқылы білгенін айтып қалып жатты. Демек, «черный пиар – то же пиар» деген тұрғыда қарасақ, бұл Қазақстанды белгілі бір деңгейде әлемге танытты да. Тіпті, сыртқы істер министрі сонау 2012 жылы Ержан ҚАЗЫХАНОВ «Бораттың» арқасында Қазақстанға шетелден келетін туристер саны 10 есеге артқаны туралы сөз шығарған.

«Мен «Борат» фильміне философиялық тұрғыдан қарауды сұрар едім. Фильм Нью-Йорк экранына алғаш шыққанда мен тұрақты өкіл қызметінде жүргенмін. Сол кезде БҰҰ Штаб-пәтеріне барар жолда менің де артымнан журналистер жүгіріп, маза бермейтін. Оларға мен де айттым, әлгі кино шыққалы бері Қазақстанға берілген визалар саны күрт, тіпті ,10 еcеге дейін артты. Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Мен Қазақстанға туристер тартуға септігін тигізген үшін Боратқа алғыс айтар едім», - деп салған.

Қазыхановтың сөзінен кейін, бәлен жыл бойы үкімет жасаған бағдарламалар мен әлемге даңқы кеткен тұңғыш президенттің сарабдал саясаты мен сара жолының өзі туризм саласында мұндай күрт өсуге жеткізе алмағанын мойындай салғанымыз ба деген күмән пайда болады. Кейінірек анықталғандай, «Борат» шыққан соң, туристер санының министр айтқандай 10 есе болмаса да, бірнеше есе өскені рас болып шықты. 2006 жылы Қазақстанға 90 мың шетелдік турист келсе, 2011 жылы бұл көрсеткіш 5 есеге ұлғайып – 450 мыңға жетіпті. Бірақ, тиісті орындар бұл жетістіктің Қазыханов айтқандай «Борат» фильмінің арқасы ма, жоқ па, ол жағына сенімді емес.

Ал, былтырғы көрсеткіш – мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша 1 млн адамға жақындаған. Енді есептеп қараңыз, фильм шыққан соң 5 жыл ішінде 5 есе өседі, сосын, фильмнің ыстық-суығы басылған соң, 2011-ден 2019-ға дейінгі 8 жыл ішінде 1 млн-ға әрең ілінген. «Бораттың» қатысы жоқ деп көріңіз осыдан кейін.

Бораттың арқасында туризмнің бес есе өскенін есепке алсақ, екінші бөлімі шыққан соң тағы бес есе өсіп, 2025 жылы 5 млн турист күтіп отысақ... Жаман емес сияқты. Бәлкім, министріміз айтқандай, бес есе емес, 10 есе өсіп жатса, тіпті керемет. Британ Саша Барон Коэн мен режиссер Ларри Чарльзге шығармашылық табыс тілеуіміз керек сияқты.

Бәлкім, осынша жетістіктен кейін «Боратқа» «юмормен» немесе «философский» қарағанды қойып, нарықтық-экономикалық тұрғыда қарай бастау керек шығар? Өйткені, қаншама жылдан бері шетелден турист тарту үшін миллиардтар жұмсап, тіпті, түк таппағанда «зейнетақы қорына» ауыз салып жіберсек те, әлемге атымыз толық жетті дей аламыз ба? Өйтіп шашылып жүріп жете алмаған жетістікке айдаладағы біреу түсірген 18 млн долларлық комедия жеткізіп жатса, мұндай тиын-тебенді мемлекет бюджетінен ойланбай бөле салуға да болады ғой. Қазақты әлемге танытамыз деп 40 млн долларға «Көшпенділерді» түсірген ел үшін 18 млн деген не тәйірі!

Бірінші «Боратқа» улап-шулап жүріп түк істей алмаған қазақтар Екінші «Боратқа» байкот жариялап, әлемдік прокаттан алып тастайды дегенге сену қиын. «Борат» емес, сол «Бораттағы» пародия-гимнді шатасып қосып жіберетін өзімізді кінәламасақ, «Боратқа» министр сияқты рахметтен басқа ештеңе айтпауымыз керек сияқты.

«Бораттың» екінші бөлімі шықса, тағы да жеңіске біз жетейін деп тұрмыз. Жеңіс қашан да біз жақта болған, бола береді. 1 млн туристі әлдеқандай қылып мақтанып жүрміз ғой, келер жылдан бастап бұл цифр түк болмай қалайын деп тұр. «Бораттың» арқасында...

Айтпақшы, биыл бүкіл әлемде пандемия салдарынан туризм саласы құлап түсті. Қазақстан тіпті. Қазір шекарадан аса алмай жатқан әлем үйінде жатып алып фильм көріп жатыр ғой. «Бораттың» екінші бөлімін көрмейді деймісіз? Көреді әрине. Сосын, шекара ашыла салып, біздің елге ағылады. Анау айтқандай «приключение» іздемесе де, ең құрығанда Бораттың айтып жүргені рас па екен деген қызығушылық жеңбейді деймісіз! Әлем пандемиядан енді есін жиып, туризмімізді қалай жолға қоямыз деп жатқанда, біз «Бораттың» арқасында шырт түкіріп, бір-бір туристі жетектеп тур ұйымдастырып жүреміз. Әлем сол кезде көреді қазақтың кім екенін...

Байланысты жаналықтар

Досаев пригласит в Алматы блогеров за 90 млн тенге

29.02.2024

Астана туризм мен спорт бойынша көш басында

15.02.2024

Отдыхающий лишился ноги на Алаколе

31.07.2023

«Борат» фильмнің продюсері қазақстандықтардан кешірім сұрады

11.04.2022

"Спутник V" екпесін салдырғандар АҚШ аумағына кіре алмайды

28.09.2021

Алматы – туристердің сүйікті қаласы

25.06.2021
MalimBlocks
Досаев пригласит в Алматы блогеров за 90 млн тенге

Акимат Ерболата Досаева снова готовится к «массовой закупке» лояльности иностранных блогеров. Как сообщает Factcheck.kz, Бюро по туризму Алматы опубликовало объявление на закупку услуг по организации пресс-туров.

Астана туризм мен спорт бойынша көш басында

Отдыхающий лишился ноги на Алаколе

На Алаколе с одним из отдыхающих произошёл несчастный случай – он лишился ноги, сообщает «Информбюро». По данным управления здравоохранения Жетысу, инцидент произошёл накануне.

«Борат» фильмнің продюсері қазақстандықтардан кешірім сұрады

Самғар Рақымның «Көше ақыны» фильмі «Ең үздік қысқаметражды фильм» жүлдесін жеңіп алды

"Спутник V" екпесін салдырғандар АҚШ аумағына кіре алмайды

Алматы – туристердің сүйікті қаласы