Ақтөбе -Маңғышылақ бағытымен тышқандар да жүреді

Жанар Қожанова

  • 13.10.2020

Бүгін Ақтөбе –Маңғышылақ бағытындағы поездың жолсеріктері бас көтерді. Жолдан келе сала наразылыққа шыққан олар бір жыл бойы не санитарлық, не техникалық талапқа сай келмейтін вагондарда жұмыс жасап шаршағандарын айтты, дейді өңірдегі МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі.

2019 жылдан бастап  Ақтөбе –Маңғышылақ бағытындағы тасымалмен «OTPAN LOGISTIC» компаниясы айналыса бастаған. Содан бері жағдайымыз нашарлай түсті дейді жосеріктер. Карантинге байланысты жұмыс тоқтағанда қызметкерлердің үй айлық еңбекақысының жартысы өтелмепті. 100-ге жуық жолсеріктің наразылық акциясынан қалай хабардар болып алғаны белісіз оларды жергілікті билік өкілдері бір бөлмеге кіргізіп алды. Бірақ бәрібір журналистермен кездесті.

«Бізді мал қылған мына Шарқатбаев Құттыбек. Соны бүкіл Қазақстан білсін. Қазіргі жағдайымыз  техникалық талаптарға сай емес. Жаздың күні пласкарттар дизелмен жүрді. Кәдімгі дизтопливамен жүрді. Өрт қауіпсіздігі сақталмады? Бұлардан қорлықты пандемияда көрдік. Айлығымыздың елу пайызын беру керек еді. Бір айда 46 0006 теңге, екінші айда 62 000 теңге, кешегі айда 52 000 болды.  Бізге айлығымыздың елу пайызы 90 000 – 100 000 беру керек» - дейді жолсерік Гүлшат СИСЕНОВА.

Жолсеріктер  Ақтөбе -Маңғышылақ бағытындағы поезды үкіметтен сатып алған жеке компания кезінде барлық жағдайды жасаймыз, 35 жыл болған вагондарды жаңартамыз деп уәде бергенін айтады. Алайда олар қазір  жағдайды емес,  білгендерін жасап отыр дейді.

«Үкіметтен сегіз миллиард алды дегенді білемін. Ол сегіз миллиард доллар ма, сегіз миллиард теңге ма? Тендер ұтып, ақша алып отыр.  Үкіметтен ақшаны алады, оны шашады. Ал енді қазір айтып отырған сөздері, «мы на этом рынке первый раз» дейді. Ты если на этом рынке первый раз, какого черта сендер келдіңдер? 21-ші ғасыр дейміз, кілем жаяды. Кілемді біз сыпыртқымен сыпырамыз. Мен тіпті сіздерге айтайын, вагондарда тышқанға дейін бар. Вагонда тышқан бар! Оны біз айттық та», - дейді жолсерік Гүлнар ЖАМАНОВА.

Ақтөбе - Маңғышылақ бағытындағы поезды мемелекеттен тендер арқылы жиырма жылға сатып алған компнаия өкілі жолсеріктердің мұңын негісіз деп есептейді. Сөзінше бір жылдың ішінде вагондарды жаңартуға  жеке мекеменің  емес үкіметтің де шамасы жетпейді.

«Біздің компания тендер ұтып, жиырма жылға алды. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдап жатырмыз. Компанияға бір жыл болды. Бірден жаңа вагонды  үкімет те ала алмай жатыр. Жайлап- жайлап вагондар өзгертіледі. Вагондар алынады. Вагон алу үшін табыс болу керек. Алты ай пандемия болды. Жұмыс жүрмеді», - деді  «OTPAN LOGISTIC» ЖШС өкілі Серік БҰҚАРБАЕВ.

Жолсеріктер мемлекет Маңғышылақ поездын кері қайтарып алса екен дейді. Қызығы, поезда жолаушылармен бірге ары-бері «қыдырып жүрген» тышқандай қайда келді екен? Бұл сұрақтың жауабын бір білсе он жылға жуық «Қазақстан теміржол» Ұлттық компаниясының басшысы болған қазіргі премьер-министр Асқар МАМИН білер.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

27.03.2024

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

15.03.2024

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

11.03.2024

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

06.03.2024

Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

17.10.2023

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

Халықаралық және ішкі рейстер кейінге шегерілді.

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Қазіргі уақытта тек екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен 1, 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар тегін жүреді.

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

Жол апатынан 8 адам қайтыс болды, оның ішінде балалар да бар.

Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының тұрғындары не ауыз суға, не дені дұрыс жолға жарымай отырғандарына бірнеше жыл болған. Бұл ауылға "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша ауыз су тартылғанына екі жылдан асса да, әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Тұрғындар аудан әкімінің шығарып салма жауабынан шаршағандарын айтады. Төзімі түгесілген ауыл халқы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқтан көмек сұрап отыр.

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен