Цойдың министрлігі онлайн дауыс беруді де қарастырып жатыр
Алда өтетін парламент мәжілісінің сайлауында онлайн дауыс беру енгізілуі мүмкін бе? Бүгін журналистер онлайн брифинг берген денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осындай сұрақ қойды. А.Цойдың айтуынша, эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық форматтар қарастырылып жатыр.
"Мақсатымыз – елдің медициналық қауіпсіздігі мен медициналық көмекті бақылау. Эпидемиологиялық ахуала байланысты түрлі форматтар қарастырылып жатыр. Мақсатымыз – сайлау қандай жолмен өтсе де, ондағы эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әртүрлі шаралар қарастырылады, мейлі ол онлайн немесе учаскеге барып дауыс беру болсын. Біз үшін сайлауда барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуы маңызды", - деді А.Цой.
"Эпидемологиялық шаралар аясында онлайн дауыс беру қарастырылған ба?" деген нақтылаушы сұраққа А.Цой: "Біз кез келген тәсілді, онлайн немесе учаскеге барып дауыс беруді болсын, қарастырып жатырмыз. Біздің шаралар ортақ және ол дауыс берудің түріне байланысты емес. Адам көп жиналса, онда арақашықтықты сақтаймыз, маска тағу, қолғап кию, тест қолдану. Онлайн дауыс беруге біз құзіретті, жауапты емеспіз, біз қауіпсіздікке жауап береміз. Сайлауда барлық сақтық шараларын сақтауға жауаптымыз", - деді Цой.